Бетховен өмірінен…

Бетховен үйленбеген. Әйелім дейтіндей әйелді өмір бойы іздеп, ақыры таба алмаған. Оның алғашқы махаббаты Бетховен хаттарында «өлмес ғашығым», «періштем», «өмірім» деп атаған графиния Джульетта Гвичарди  болған. Бірақ ол әйел Бетховеннің  жанындағы үрейлі өмірден гөрі байлық пен тыныш өмірді қалады.  Осыдан соң ол Гете туралы  тараудан белгілі  Беттина фон Арнинге ғашық болды, бірақ бұл әйел де  Бетховенннің махаббатымен бөліспеді.  Амалы құрыған  әйгілі  әуенші сырттай сүюмен шектеліп,  оның өзіне  емес, шығармаларына ғашық болған әйелдердің тоқыған шұлықтары, сыйлаған тәттілеріне   риза болуға мәжбүр болды.

Кейбір сөздер…

Әйел парсы тілінен алғанда әййәл «сайқал» деген мағына білдіреді.

Қатын араб тілінде хатун «таң нұры», ал парсы тілінде  қатун «түнгі ләззаты».

Мақат Атырау облысы Мақат ауданы, сөйтсе аюдің еркегін мақат дейді екен.

Құртқа Қобыланды батырдың жарының есімі. Құртқа қасқырдың қаншығын айтады.

Күбік мысықтың еркегін айтса, ұрғашысын  мырсын дейді.

Зәңгі  негр дегені.

Сарт тәжік халқын айтады. 

Естек башқұрт халқы.

ЕРУЛІК / Отбасы тұрмыс дәстүрі

Ерулік (салт). «… екі ауыл бір біріне  ерулік беріп, шақырысып араға  аяқ табақ қатысып қалды» (Ә.Нұрпейісов). Ауыл ортасына  жаңа үй көшіп келсе,  қоныстанса сол аылдың адамдары жаңа үйге  «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа  адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәні де бар. Мысалы жаңа көшіп келген үйде отын, су болмайды. Оны әкелуге  біраз уақыт керек. Міне, кең ойлап, терең толғайтын  қазақ салты мұны да ұмытпаған.

Еріңіз басқаға көз салмас үшін…

Сұлу да нәзік қалпыңды ұзақ сақтаңыз. Жұмбақ күйіңізді үнемі сақтауға тырысыңыз.

Еріңізге әркез беймаза емес, әркез саяжай секілді жайлы да тыныш тілге тиек болыңыз.

Еріңіз сүйсінетін тіл үйірер бес түрлі тамақтың рецебін біліңіз, және құпия ұстаңыз. Сосын сәнді киіміңізбен таңдандырудан шаршамаңыз.

Еріңіз кей кезде көкейінде жүрген сырын ақтарса мұқият тыңдаңыз, әуелі кеңес беруге асықпаңыз. Сосын сырын жұртқа көрші көлемге жаймаңыз. Сенімін ақтаңыз.

Ең күшті еркектің өзі де әйелдің мейіріміне мұқтаж ететінін ұмытпаңыз.

Сіздің еріңіз бен балаларыңыз жақсы көріп құрбандыққа барса жазғырмаңыз.

Көшеге де үй де болсаңыз да таза да тартымды болыңыз. Мыжылған халат пен ұйпалақталған шаш өзіңізді көріксіздендіретінін ұмытпаңыз.

Адамның сұлулығы тән емес, жан сұлулығы. Сондықтан  жылулығыңызды еш жоймаңыз. Үйге, қоршаған ортаға  жылу берсеңіз бұл сізді одан әрі сұлу етіп көрсетеді.

Көтеріңкі көңіл күй мен үнемі күліп жүріңіз. Шынайы шын жымиып, қуаныш сыйлаңыз.

Янтарь жөнінде

янтарь

Ғалымдар  янтарьдан жасалған әсемдік бұйымдарын шипалы деп есептейді.  Янтарь көп ғасырлардан кейін тасқа айналған  ежелгі  қарағайдың шайыры. Бұл тастың құрамында  ішкі ферменттердің жұмысын  тұрақтандырып, зат алмасу процесін  реттейтін  белсенді биостимулятор янтарь қышқылы бар.  Әсемдік бұйымдары денеге  тигенде янтарь қышқылы тек зақымданған  клеткалардағы токсиндерді кемітеді. Ол тамақ, қалқанша без, бауыр, бүйрек және буын ауруларына  пайда келтіреді, алайда өзі ағзаға жиналмайды және оның  ешқандай зияны жоқ. Янтарь қышқылының орнына тамаққа қарлыған (крыжовник), жүзім (виноград), рауғаш (ревень), шалқан (репа) қосу арқылы  толтыруға болады.

ХХІ ғасыр түк те таң қалмаңыз…

Адамдар кейде еріккенде не істерінде білмейтін секілді. Ген зерттеу ғылымының маманы доктор Дэвид Леви «Секс с роботами: эволюция отношений людей и роботов» атты кітабының авторы ХХІ ғасыр ортасында роботпен жыныстық қатынасқа түсу қалыпты болады.  Күніне жиырма төрт сағат, аптасына жеті күн бойы жыныстық қатынасқа түсуге болады және қалаған кезде тіпті электронды роботқа ғашық та болуға болады. Сонымен қатар  роботпен тек қана жыныстық қатынасқа түспей онымен де қалаған тақырыпта әңгіме дүкен құрып, тілдесуге болады. Тіпті дауысы да адам үнінен айырмашылығы да болмай қалады деп толықтырады.

Жапония Axis компаниясы еркектер үшін секс роботын жасап шығарған. Honeydolls («Медовые куколки») Әйел формадағы робот силикон мен резинадан тұады.  Және  MP3  форматтағы үнді қалағанын таңдай алады.  Бағасы 7 мың  доллар.   Егер осылай әлем жәрмеңкесіне шығатын болса, онда білмедім. Кейде ғылымды пайдасыз нәрсеге жұмсайды. Әрине ақша көзін табу үшін әрнәрсені ойластырады. Ендігі жолы бұл ғалымдардың пікірінше ерлер емес әйелдерге арнап  секс роботтарды шығаратын болса, онда ол сұранысқа ие болатындығын нықтап нығыздап көрсетуде.   Толығырақ мына жерде

Қазір ештеңеге де таң қалудан қаған сияқтымыз 😦