Бетховен өмірінен…

Бетховен үйленбеген. Әйелім дейтіндей әйелді өмір бойы іздеп, ақыры таба алмаған. Оның алғашқы махаббаты Бетховен хаттарында «өлмес ғашығым», «періштем», «өмірім» деп атаған графиния Джульетта Гвичарди  болған. Бірақ ол әйел Бетховеннің  жанындағы үрейлі өмірден гөрі байлық пен тыныш өмірді қалады.  Осыдан соң ол Гете туралы  тараудан белгілі  Беттина фон Арнинге ғашық болды, бірақ бұл әйел де  Бетховенннің махаббатымен бөліспеді.  Амалы құрыған  әйгілі  әуенші сырттай сүюмен шектеліп,  оның өзіне  емес, шығармаларына ғашық болған әйелдердің тоқыған шұлықтары, сыйлаған тәттілеріне   риза болуға мәжбүр болды.

Кейбір сөздер…

Әйел парсы тілінен алғанда әййәл «сайқал» деген мағына білдіреді.

Қатын араб тілінде хатун «таң нұры», ал парсы тілінде  қатун «түнгі ләззаты».

Мақат Атырау облысы Мақат ауданы, сөйтсе аюдің еркегін мақат дейді екен.

Құртқа Қобыланды батырдың жарының есімі. Құртқа қасқырдың қаншығын айтады.

Күбік мысықтың еркегін айтса, ұрғашысын  мырсын дейді.

Зәңгі  негр дегені.

Сарт тәжік халқын айтады. 

Естек башқұрт халқы.