БАСТАҢҒЫ /Тәрбие дәстүрі

Бастаңғы (салт).… Жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп  бас қосады.(К.Сегізбаев). Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі жастардың сол үйде ойын сауықта бас қосуы. Дәстүр бойынша бұған тиым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды.

БАЙҒАЗЫ / Тәрбие дәстүрі

Байғазы (дәстүр).Уа сатира сарбазы, Адырнаңа байғазы! (С.Әбілкәкімов).Байғазы  балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетн ақшалай, заттай сый.Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы» деп те атайды. Байғазы балалардың көңіл күйін көтеретін дәстүр.

ПЕШКА…

Бәрі де азаттық алған соң еркін адаммын деп аяқтарын талтаң басары сөзсіз. Бірақ бәрібір пешкасың. Қайда барсақ та  пешкамыз. Мойындау керек.Әңгімем түсінікті болсын… Оқуды жалғастыру

БОДИ АРТ

БОДИ АРТ ағылшын тілінен аударғанда дене суреттері деген мағынад. Оған тату, пирсинг, маскалар кіреді. Негізінен индейцтерден маска жасау бастау алған. Жаңа Зеландия елінің тұрғыны бетке құбыжық маска мен пирсинг жасау ене бастаған.
Әрі Жапония елдері денелеріне сакура (шие) гүлінің суретін салу мен нәзік ою өрнектер салу сәнге айналған. Содан міне әлем халқының арасында сәнге айналып кетті. Менде қанын ағызып тұрып салып жатқан сурет болды, бірақ жүктей алмадым. Енді кәдімгі еті жыртылып, қан ағыздырып суретті денеге салуда. Сонша қинатып салғанша салмағаны артық қой. Маған суреттер ұнамайды. Қазақтар арасында жігіт пен қыздарда пирсинг салу, тату салу кеңінен жайылуда. Қалай қабылдарымда білмеймін. Бірақ қыздар жағы кіндікке пирсинг салуды арабтың беллидансімен билегенде жынды көрінеді деп ойлайды. Кей жігіттерден сұрасам заманның жаңа сәні, заманға сай тату салу керек қой. Әйтпесе компьютер біліп, жастар арасында әңгіме айтудың өзі ұят қой дейді.
Ал Әскерге немесе түрмеге жатып келгендер өзінің дәрежесіне қарай тату салдыртады екен. Мысалы түрмеде отырып келгендер қанша жылға, қандай жазамен кеткендер денелеріне сурет салдырту арқылы сырт көзге өзінің кім екенін айтқызбай ақ танытады.
Ал ғашықтар арасында өзінің ғашығын атын жазу арқылы шын сүйгенімді білдірту деп ұғады. Енді татудың неше түрі бар. Өте жиіркеніштісі бар. Бірақ бәрін бірдей қою өте қорқынышты болғасын ішінен таңдап осыларды қойдым.
Тату салдыртып, кейін татудың орыны жарылып, жараға айналып, зиянын тигізіп, қиналып жүрген жандардың суреті де бар.
Айтарым тату, пирсинг салу, масканың құбыжығы адамның сәні емес. Адам өзінің әдемі терісімен сәнді. Сондықтан татуды қолданар алдын ертеңгі күні өкінемін бе, жоқ зардабын шегіп, ауруға айналып қаламын ба деп ойланып алғаныңыз дұрыс.

1. Тату салатын құрал.
00058wdb.jpg

2. Уо уо уо музыкаларға жақсы келетін татулар.
extreme_tatoos_title1.jpg

3. Адамның миы қалай қызмет ететін білуге болады.
ca1ujnpm.jpg

4. Сорлы жыла, тату жасағанша.
8258051.jpg

5. Құбыжық пирсингтер.
81.jpg

БАЗАРЛЫҚ/Тәрбие дәстүрі

Базарлық (дәстүр). «Күйеуінің базарлығы екен ғой, деді Ақбала ішінен».
(Ә.Нұрпейісов). Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіші ретінде қабылданады.

ТҰСАУКЕСЕР/ Тәрбие дәстүрі

Тұсаукесер (салт).
Тұсауыңды кесейін,
Күрмеуіңді шешейін.

Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсаукесердің арнаулы жыры бар. Мысалы:

Қаз қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тағы, тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз балам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!

Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.

МЫСЫҚТАР

Бала кезімде мысықтар менімен бірге ұйықтайтын еді. Қойнымда, біресе үстімде, аяғымның қасымда, қолтығымның астында пырылдап ұйықтаушы еді. Сол кезде мысықты қатты жақсы көретінмін. Қазір ол сезім бұрынғыдай емес. Жалпы мысық табиғатынан таза ғой. Тіпті мешітке кіруге рұқсат етілген жануар болып саналады.
Жалпы мысықтың көзі де өзі сүйкімді жануар. Ал сіздерге бірнеше суретті интернеттен іздеп ұнағанын қойдым. Жігіттер жағы мысықты онша ұнатпайды. Жүректің талмасы, аллергиясы барлар, немесе аяғы ауыр әйелдерге қарауға болмайды. Алдын ала ескертпеді демеңдер. Оқуды жалғастыру