ТӨРЕЛЕР МЕН ҚОЖАЛАР

Толығы мына жерде жүзге кірмейтін ақсүйек деп санайтын рулар жайында бірер мағлұмат

http://anatili.kz/?act=readarticle&id=81

ТІЛ ЖОЛЫ

 Егемендік алғанымызға екінші он жылдықтың жартысынан асты. Қазақ тілінің мәртебесі әлі өз деңгейінде емес. Не себептен? Осы және өзге де сауалдарға АҚШ-тың Индиан Университетінің профессоры, Ішкі Азия және Орал орталығынң директоры Билл Фирманн жауап береді. Сұбат беруші қазақ, өзбек, ұйғыр тілдерінде еркін сөйлейді.Назар аударыңыз! Құзырлық жетіспейді немесе авторизация қажет. Жаңалықтар мен шығарылымдар мұрағатының толық нұсқасымен тек ақпарат алмасу жүйесіне қатысушылардың ғана танысып шығуға мүмкіндігі бар.

 

http://kaz.newsfactory.kz/16659.html

ДЕЙДІ…

ӨЗ ҰЛТЫҢДЫ ҰЛЫҚТА

«Бабалары олардың жылап кеткен» деген өткiр тiркестi өлеңдi жақында бiр газет бетiнен көзiм шалып қалды. Жыр – оралмандар жайлы. Рас, кешегi аласапыран заманда тайқымаңдай тағдырлы қабырғалы қазақ не көрмедi? Қаралы көш, босқан ел жалпақ әлемнiң қай қиырына болсын ауды…
Тәуелсiздiктiң толқынымен, Бостандықтың бағытымен қазақ пен қазақ қайта қауышты.
Мен Өзбекстан мемлекетiнiң Қарақалпақстан аймағында туып-өстiм. Арғы аталарымыз Сыр елiнен солай қарай ойысыпты. Тұрмыстың ыңғайына қарай Бұқар облысына көштiк. Жоғары оқу орнынан бiлiм алған соң мектепте мұғалiмдiк қызметте болдым. Өзге жұрттың босағасында өз отымызды өшiрмей, тiлiмiздi, салт-дәстүрiмiздi сақтап, болмысымызды өзгерткен жоқпыз. Әйтсе де, кiсi елiнде керi тарту кесiрi көп сезiлдi. Қанша жерден дарынды, бiлiктi болсаң да ұлттық ұстанымнан әрi асып кете алмайсың. Менiң өзiмнiң сол жақта мұғалiмдердiң облыстық байқауынан 2-орын алуыма тура келдi. Талабым мен сабағыма сендiм бе, тартысып көрдiм. Түк шықпады. Себебi – ұлтым бөлек. (Шындығы солай). Нәтижеде 1-орынды тәжiрибесi аздау, атлас көйлек киген сiңiлiм алды. Республикалық сынға сол шығуы керек. Бiттi. Жалпы, ол жақта биiктеу орынтаққа отыру мүмкiн емес. Министрлiктi, комитеттi, облыстық әкiмшiлiктердегi жұмысты армандаудың қажет жоқ. Нағыз ұлттық идеология мықты дамыған. Шыны керек, олар ұлттық ұстанымды кейде бiзден де мықты ұстағандай.
Қазақ елiне келгенiме 4 жыл болды. Бiрiншi санатты мұғалiм болғанымды қайтейiн, жұмыс жоқ. Мектептерге барсам, орын жоқ. Аудандық бiлiм бөлiмiндегiлер «хабарласып тұрыңыз» деп шығарып салады. Мектептерге ақшамен жұмысқа тұру дегенге сенгiм келмедi. Өзге тiлдiлер қазақшаны менсiнбейдi деген өтiрiк саясат та көңiлiме қонбайды. Бiз «халықтар достығы» дегендi жиi айтамыз. Иә, ол да керек. Әйтсе де өз ұлтыңды ұлықтаудан артық ұлы қасиет еш жерде жоқ. Тыныштық бұзылмасын. Қазақы идеологияның еңсе көтеруiн бiр Алладан тiлеймiн.

Жаңыл ӘЛМАХАНОВА

АҚ СӨЙЛЕ


Телғожа Жанұзақов, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Кісі есімінің киесі болады
Мақала толығымен

МОРФОЛОГИЯ

Орны бөлек оқулық

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын дайындайтын бөлімнің мамандық бойынша оқытылатын негізгі пәнінің бірі – морфология. Морфологияны білмеген студенттен тілші шықпайды деген пікір ертеден қалыптасқан. Қазіргі студенттерге тіл білімі ғылымының морфология саласы бойынша тілдің құрылымдық жүйесінен, грамматикалық құрылымынан мәлімет беретін оқулық болмай қиналып жүргені белгілі.
Мақала толығымен

БАРТОҒАЙ

cimg5660.jpgcimg5642.jpgcimg5618.jpgcimg5606.jpgimg_3712.jpgimg_3711.jpg

Қазақтың осындай әсем жерлері-ай, бұл суретті Аспаздық блогының иесі Эльвира әпкеміз және керекинфоның мүшесі Нүргүл әпкем емайл арқылы жіберді. Суреттер қатты ұнағасын осында қойғым кеп кетті. Енді нағыз шомылатын жер екен.  Әне бір өзенге сүңгіп кіріп кетіп русалка болсам ба бәлем! 🙂

ҚОС ҚАНАТ

 Не жазарымды білмеймін, көргенім бе, сезгенім бе, түйгенім бе әлде адамдардың әңгімесін бе, тек көңіліме ұнағанын жазайын одан да.  

Бірінші  курс. Жан жақтан келген қыз жігіттер. Жылмың қаққан ақ уыз сары балапандар. Бір бірілерімізге үрпейісе де таңдана да қараудамыз. Танысудамыз. Араластық. Достастық. Уақытта жылжуда. Әдетте семинар бойынша білгенімізді айтып, бұлбұлша сайрап кетеміз. Сол үрдіспен тақта алдына шығып бүгін тағы семинар айттым. Мәдениеттану сабағы, әр елдің өзіне тән мәдениеті.Әрине өте қызық сабақ. Айтып студенттерді күлдіртіп, тақта алдынан мәз болып, екі езу құлағыма жетіп партама келіп отырдым да, дәптерімді ашсам, арасынан ақ қағаз көрінді.Ашып оқысам, төрт жолдан тұрған жүрек шумағы. Астына группаласың А. депті. Сөйтіп шырайлы шымкенттің бозбаласымен алғашқы  танысымыз осылай басталды. Сабақтан соң сырласу басталады. Үйге дейін бірге қайтып өткен кеткенді  айтып, мәз боламыз……           

Бір күні пикникке бәріміз шықтық. Ақсу Жабағалы қорыққа бәріміз барып, волейбол ойнап жүргенде А. деген группаласым атпен шауып келе жатыр. Отырсын – ай тамаша. Тік  екі иығы кең құлаш, сергек, сенімді, қара торы жігіт баласын алғаш рет өз көзімен атпен шапқанын көргесін бе ауызымды аштым да қалдым. Жанымнан бұрылып тағы оза шауып алысқа кетті де қайта оралды. Келіп қасымнан түсті де:

          Мінесің бе? –  деп сұрады

           Ия. Бірақ қорқамын, құлатса ше, өліп қалмаймын ба?

           Жоқ, өлмейсің, мен тұрғанда несіне қорқасың, ал кәне міне ғой.

          Я бисмілла, -дей атқа міндім. Қалтырап, дірілдеп, ішімнен құдайға сыйынып, я тәубе не де болса көреміз деп міндім де  біраз жерге дейін шарлап келіп түскенде алғашқының әсері шығар екі аяғымның ортасынан екі танкі өткендей біртүрлі күйде талтаңдап жүре алмай, жерді баса алмай, группаластардың мазағына қалғаным бар…..  🙂          

Не керек сондағы сол А. ның айтқаны Созақта болғанда көңілім тасығанда осы жылқыға мініп шауып алам, кейде шабытым тасығанды жыр өлеңді жазып тастаймын. Менің көңілім тоқ, қос қанатым бар нағыз Созақтың қара баласымын. Қос қанаты бар құс қалай ұшса мен де қазір аспанда көңілім қалықтауда. Өйткені қос қанатым бар еркекпін. Ал сен бізге келген ту Атыраудың гүлісің.             

 …….Тамбор. Вагонның іші ыстық болғасын тамборға шықтым. Әрлі бері майда шүйде сатқан саудагерлердің заттарын олай ұстап, бұлай ұстап бір, бағасын сұрап екі қарап бір шоқып тұрғанда жігіт ағасының жасындай ер кісіге көзім түсіп кетті. Жағы ішіне кірген. Жарығы аз шам секілді көкшіл көзі бар жігіт ойдың үстінде еді. Поезбен келе жатып терезеден кең жазық далаға көз тастап терең күрсініп, басқа әлемде тұр. Осы жігіт ағасының тұрысы мені қызықтырды, танысқым келді.Бірақ қалай танысар жолын білмей біраз қипалақтап тұрғанда  келесі қай станция екен деген ой туып сұрай келгенде , ер кісіде үн жоқ, іммм сағат неше болғанын да білмейміз? Бұрылмады. Тіпті қарамады. Тамборда үнсіз ғана тұрдық та қалдық….

–     Анау тұнған көзде не сыр бар, жолсерікпіз ғой бәлкім келесі станцияда түсерсіз, осыдан соң сізді көремін бе көрмеймін бе белгісіз? Жігіт ағасы маған бұрылды да қарындасым меннен не күтесің, меннен не білгің келеді, мен секілділер қаншама?

–     Ағалық ілтипатыңызды естігім келеді, айып етпесеңіз? – деп жымидым.           

–    Тыңда онда мені, осы жасқа келдім, дүниенің қызығына түстім, оқуды да бітірдім, жұмысқа да тұрдым. Тек сырласым болмады, көңілдегі кірбің кетпеді, орта жолда сырласым арақ болды, досым ақша болды. Мені не қарттайты дейсің бе, ия не қартайтады қазақ жігіттерін. Бұрынғы заманның қазақ жігіттерінде қанат болған. Екі қанаты болған. Оның бірі тұлпар. Әрі жауынгер, әрі дос бұл ат ешқашан жігітті жолда тастап, не жауға қалдырмай, өлі болсын, тірі болсын алып шығушы еді.Ыстық суығына көнген досы ат еді. Екіншісі домбыра. Халықтың жүрегіне қонған, ойын оқып, мұңын тыңдаған домбыра арқылы қазақ жігіті көрікті еді. Осы екі қанаттың арқасында қазақтың жігіті үшін не абақты, не қаланың керегі қылмай еркін де, сенімді болып алып ұшқан ерлердің ері еді. Ал қазір қазақ жігітінің екі қасиетін ұрлады. Бірі арақ болса, екіншісі ақша болды. Арақ ішіп алып, ауызынан көбік атқанша көпіріп, өкіріп, «мен ержүрекпін» одан қалса қатын ұрып, ұрпағын бұрышқа тығып жасық қылдық. Жанұяның шырқын бұзғанға мәз болып мен еркекпін деп көкірек көтердік. Не ұттық. Ұттық па ұтылдық па? Ал бай болғанды көре алмай қызғаншылықпен іштей күйіп жүрдік. Сөйтіп екі жікке бөліндік, ақшасы бар, ақшасы жоқ еркектер атандық. Не таптық, не істедік сонда. Ақшаның болғаны не болмағаны не ұрпағымызды саналы оқытып, бар өнерді үйретпегесін, ала торбаны арқалатып әйелімізді саудаға салсақ еркектің аты неде сонда? Я қазақ еркектерін не қартатайтады Бірісі улайд, бірісі құл етуде. Бұдан құтылмай біз қазақ атануымыз екіталай. Қазақтың еркегі-ай……Солай қарындасым, меннен  не білгің келеді, ерді танимын дейсің бе? Әлде ерігіп отырған ердің мылжыңын естігің келді ме? Қарашы мына кең байтақ далаға сары далаға қанша тағдырлар өткен екен, мен секілді қанша ақымақтар жүрді екен, неше түрлі әулиелер мен тұлғалар жүрді екен. Солардың ізінен біз келдік пе? Әлде көңілі кең қазақтың жарасына үңілдік пе? Поезға мінсең тек терезеге қарағанда жайпақ даланы көргенде іштей өзің ұғарсың, еех  сүйгенім, балаларым да қазір не істеуде екен, сағынды ма екен мына мені деп күрсініп қайта терезеге қарады….. 

Талабы жоқ жігітті  кәріге қос,

Жолы сұйық жігітті бөріге қос,

Үміті жоқ жігітті өліге қос.  

Деген аталы сөз бар жігіт ағасы дегенде тағы қарап жымиды да, ай қарындас сенің ішің пысқан секілді кел онда шәйің болса шәйіңді ішелік, қант шекерің болса менде бар, мына басы ауырып тұрған ағаңа ыстық қызыл шәй берсең, барғанша бір әңгіменің басын қайтарып тастармыз деп ағай ішке қарай кірді де мен келе жатқан орныма жайғасты… 

🙂  Ал сізде қос қанатыңыз бар ма, болса қандай?