ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ / Тәрбие

            Қырқынан шығару (салт). «Баланың қырқынан  шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан  балаға  ат қойып, бата беруді өтінеді» (Н.Әбдуалиев). Қазақ  халқының  ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп  есептеледі. Мысалы «Жеті жарғы», «Жеті қазына», «Бір тоғыз», «Үш тоғыз», «Қырықтың бірі қыдыр» деген қағидалар  осы сандық ұғымынан  пайда болған.Соның бірі баланы «қырқына шығару» дәстүрі.  Әдетте  баланың туғанына  қырық күн толған соң оны ыдысқа  қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің  киіміне  матаға  орап тігіп қояды. Мұндағы мақсат  ертеде  сурет  болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.

 

            Баланы қырқынан  шығарудың тағы бір ерекше  маңызы бар. Қырық күннен  кейін сәби ширап, көз тоқтатады, құбылыс, дыбысты сезе бастайды. Қырқынан шығару салты міне, осыған  байланысты шығып,  ол сәбидің жан жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне  деген ақ тілектен  шыққан.

 

            Осы жерде « қырқы» деген сөзге мән беру керек.

 

            Қайтыс  болған адамның да «қырқы» беріледі. Бірақ баланы «қырқынан  шығарылды» деп, өлген адамға «қырқы берілді» деп  атайды. Мұны шатастыруға болмайды.

 

            Бала тәлімі мен тәрбиесіне  қатысты ырымдар мен кәделер де бар.

             Олар мынадай: құрсақ шашу, жарыс қазан, кіндік кесер, ат қою, бесікке салу, тыштырма, қырқынан шығару, тұсау кесу, тіл ашар, ашамайға  мінгізу, аузына түкіру, шідерге сигізу т.б.

Advertisements

ИТКӨЙЛЕК / Тәрбие дәстүрі

Иткөйлек (салт). «Иткөйлегі жоқ.Өзім тігіп беріп едім» (Ә.Нүрпейсов). Жаңа туған  нәрестенің алғашқы көйлегін «иткөйлек» деп атайды. Өйткені ол шығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп, оны иттің мойнына  байлап  жібереді. Итті  байлар  қуып, жетіп, немесе шақырып, ұстап, тәттісін бөліседі. «Иткөйлекті» баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.

             «Иткөйлек» атының шығуы  оның иттің мойнына байлағандығында емес, халық  итті «жеті қазынаның бірі» деп бағалауында жатыр. Сонымен бірге  «баламыз көп болсын», «қиындыққа берік болсын» деген ырым да бар. Қазақта «итжанды» деген сөз оның беріктігі мен төзімділігін айтқаны.

 

Ақ кө… торғай секілді Ұшып қонған, жеңілтек, шыжбалақ кісі
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді Сапасы жақсы, хош иісті шайдай көңіл жадырататын кісі.
Ақпан соқса өлмейтін, тоқпан соқса өлмейтін Шыдамдылық, төзімділік туралы айтылады. 
Ақпар су Ағын су
Ақ пен қызыл арасында Күн ұясына кірген шақ
Ақ сазандай бұлықсыды Сылаң қақты. Толған айдай толықсып,Ақ сазандай бұлықсып,Бұралып кетіп барады.(ҚЖ)
Ақсақты тыңдай, өтірікті шындай қылды Жай жапсарын білдірмеді, жалғанның  қисынын келтірді.
Ақ сұпыдай Әсем, ақ торғынАқ сұпыдай бет біткен,Оймақ ауыз, күлім көз,Ақ шыныдай ет біткен,Қайың сынды мүсінді (ІЖ)
Ақ табан Мал мүліксіз, сорлы, кедей
Ақ тұш, ақ сиырдың сүтін іш! Кісі түшкіргенде қалжың, әзіл сықақ ретінде айтылатын тілек

ҚОЯН

Ерте, ерте ертеде, қоян әркім артынан түсе берген соң, тым қатты ыза  болыпты:

 – «Мен әркімнен қорқа берсем керек, меннен ешкім қорықпайды. Бүйтіп  жүргенше  суға  түсіп өлгенім жақсы», – депті.           

Суға  қарай  жүгіріп келе  жатқан мезгілде,  өзін өзі өлтірмекші бопты. Сонда су бойында жатқан қойлар  үркіп барып, басқа қойларды апалаң – топалаң үркіттіріп жібереді.            

Сонда қоян ойлайды: «Мененде қорқатын хайуандар бар екен. Өздері үлкен, бүкіл бір төбе», – деп көңілі жай болып, райынан қайтыпты.