Тағы бір блогым

screenshot.jpg Көптен күткен араб тілі блогымды түзетіп, бүгін түнде жарияладым. Игіліктеріңізге жаралсын деп тілеймін. Өзім қыздарға кешке сабақ беріп, уақыт тауып үйретуші едім. Енді міне интернет арқылы да үйренуге де болады. Ал егер түсінбеген жағдай болып жатса, жазып та суреттеп те түсіндіремін. Менің лаптобымда әлі араб тілі әрібі қондырылмаған. Өйткені программисттер интернеттен іздесе де таба алмай жатырмын дегесін иығым салы суға түсіп кері қайтумен атамның алыстан келетін уақыты да болып қалды :). Не айтайын басқа күттіріп қойғаным үшін біраз, көптеп қапшықтап кешірім сұраймын. Блог көп болмағаныменде аз да болса бір пайдасы тиіп қалар деген үміттемін. Блогтың аты Шұғаның белгісі шұғыла атаумен атадым. Шұғаның белгісіндей күннің көзіндей алыстан ақ жарқырап сәулесін шашып тұрсын деген оймен атауын солай таңдадым. Мекен-жайы

МАЙЛЫҚОЖАНЫҢ ТЕРМЕСІ

Төте жазуға қарап жазып отырмын. Терменің аты
«АЛҚАЛЫ ЖҰРТЫМ АРМЫСЫҢ»
Қате болса, білгені түзетерсіңдер деген үміттемін.
Өз басым термені сүйіп тыңдаймын да, жақсы көремін.

ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛУ ҚЫЗДАРЫ-АЙ

Алтайлық қазақ әншісі Әсемханның орындауында

ЛИДЕР БЕНАЗИР БХУТТО ТЕРАКТ ҚҰРҒАН ЖОСПАРЫНАН ҚАЗА ТАПТЫ

20071227182743.jpg Пәкістанның экс-министірі, оппозисия лидері Беназир Бхутто желтоқсанның 27 бейсенбі күні мыңдаған митинг жиналған Ревалпинда қаласында қаза тапты. Теракт оқиғасынан жиырма адам қаза тауып, он бесі жаралы болған. Ассошиәйтид Пресс агенттігінің хабарлауынша қарақшы Бхуттоның кеуде мен мойнына бірнеше рет атып, соңында өз өзін жарып жіберген. Қарақшының атысынан соң дереу жедел жәрдеммен Бхуттоны жанұшыра жеткізгенменде өліміне араша бола алмадық. Ол сағат 16.16 көз жұмды деп хабарлайды Ассошиәйтед Пресс агенттігінің партия мүшесі Уәсиф Али Хан. Сегізінші қаңтарда Пәкістанда парламентте жалпы сайлау өту керек еді. Первез Мүшарраф орыннан кетіп, ал Бхутто премьер болу керек еді. Қап ол арман да орындалмай кетті -ау. Әйелге қол көтерген қарақшылар тек сол елдегі еркектердің әлсіздік екенін көрсетіп қойды. Толығырақ мына жерде

Болған оқиғаның фоторепартажы
75847s.jpg
75777s.jpg
75697s.jpg

ТОМИРИСТІ ӘЛЕМ ӨЗІНШЕ СОМДАУДА, БҰЛ ТАРИХҚА ЖАНАСА МА?

1. Баға беру керек
tomirht.jpg
2. 3D Maxпен жасаған Асланның еңбегі
3. мына сурет маған ұнап қалды 🙂
00099614_000.png
4. Аңыз не айтады?
tomiris1.jpg tomiris4.jpg Оқуды жалғастыру

СУДЫҢ САН ҚАСИЕТІ

caqzwt2b.jpg Ағзаның қорғайтын бейімделу қасиеті көбінесе сумен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайына байланысты.Су жетіспеген жағдайда адамның денесінен бөлінетін тұздардың шығуы нашарлап, қызметі бұзылады. Сондықтан жұмыста, не үйде болсын құмырадағы жарты литр су болуы керек. Егер дене еңбегімен, немесе спортпен шұғылданып арықтағыңыз келсе кесе суды ұрттап асықпай ішіңіз. Егер таза су болмаса, онда су құбырынан алғаншикі су ең кемінде жарты минөт қойып, ішкен дұрыс.Сауықтыру авторлары күнде таңертей бір кесе суық су ішуден бастауды ұсынады. Егерде сіз қатты ашулана қалсаңыз, сумен жуына салғаныңыз дұрыс. Өйткені сіз от болып қайнап тұрсыз, ал су отты өшіреді. 🙂
Егерде сіз суды ішетін болсаңыз бірден қылғыта салмаңыз. Бір ұрттаңыз, бірер минөттан соң екінші рет ұрттаңыз, тағы бірер минөттен соң үшінші ұрттаңыз да, соңынан бірден қылғыта салуға болады. Өйткені суды бірден іше салу ол да денсаулыққа зиянды көрінеді.
Егер сіз жолдасыңызбен жыныстық қатынасқа түссеңіз, таңертеңімен міндетті түрде жуыныңыз. Оны ғұсыл деп аталады. Ең әуелі кіші дәрет аласыз да, соңынан душқа кіресіз. Әуелі ниет етіп, Раббының ризашылығы үшін ниет еттім ғұсыл етуге деп қолды білекке дейін үш рет жуыңыз, сосын ауызды шәйіңіз, сосын мұрынға су жіберіп тағы шәйіңіз. Кейін ине шаншар жер қалмайтындай сумен ысқылап жуыныңыз. Содан кейін ас бөлмеге кіріп шәугімді қойыңыз. Бұл нағыз тазалықтың көзі. Әрі өзіңіз таза, әрі үйіңіз таза болмақ.
Егер азанда бірінші болып сіз тұратын болсаңыз, беті қолды жумастан ас бөлмеге кіріп ас жемеңіз және шәугімді газге қоймаңыз. Неге дейсіз бе?Өйткені сізден ұйқыдан тұрдыңыз ғой. 🙂 Және түнде бактерия мен кірлер просесі жүреді. Таңертең оларды міндетті түрде тазалау керек

АБАЗИН ТІЛІ

Абазин тілі – абхаз-адыг тілдер қатарында жатады. Бұл тілде 27000 адам сөйлейді. Карашаев Шеркес тұрғындары қолданады (1979жылғы статистика бойынша). Екі диалект бар: тапанттық (бұнда әдеби қоры бай) және ашхарлық (фонетикалық пен грамматикалық заңдылықтар жағынан абхаз тіліне жақындау) болып бөлінеді. 1932-1933 жылы әріптер латын графигі негізінде жазба түрі пайда болып, 1938 жылы латыннан кириллица графигіне ауысты. Әдеби қоры 1917 жылы Қазан көтерілісінен соң жеке өз алдына дамыды.

Diller ansiklopedisi кітабынан үзінді