ЖАНЫМ СӨЗІ ЫСТЫҚ ПА? :)

Қытай қазағының  төте жазуымен жазылған мультик клип.

Advertisements

ШЫҢҒЫСХАН

Бұл фильмдегі әртістер монғолдар, арасына Асылбек Еңсеповтың орындаудағы күйін  кірістіріп жіберіпті. Күй мен шайқасулары қалай үйлесім табуда ма? 🙂

ҚАЗАҚША ФРИСТАЙЛАЙ :)

САТИРИК НұРЖАН / ЕРКЕМ-АЙ.

БІЗ ТУРАЛЫ

ҚҰШАҒЫ “ҚАТТЫ” ХАЛЫҚПЫЗ

Қазақ есiн бiлгелi қорасында малы, қолында билiгi барлардан таяқ жеп келедi. Қасқыр жеген жетiм қозы үшiн аталасының баласын соққыға жыққан, малын жанымен теңгерген қазағым-ай. Иә… қазақ болып жаралғанымызға қарамай, қазақтың жаман жағы туралы әңгiме қозғалса жамырап қоя беремiз. Жамандауға бiр табан жақын жүремiз, «ауру қалса да, әдет қалмайды» деп жат қылығымызды бетiмiзге басқан, қатты кетсе айыбын мойындап, «өз сөзiм өзiмдiкi» деген Абайдың да бақытын көре алмай, «Абайды Абай еткен Құнанбайдың байлығы» деп жазғырдық.
Қазақ – қияға қалықтаған қыранынан аспанын қызғанып, қатты құшағында тұншықтыратын халық демеске шара жоқ. Әйтпесе шаңырағын биiктетiп тұрған, уықтай мығым ұлдарының сағын сындырмас едi…
Мұстафа Өзтүрiк. Жат жерде шығыс жекпе-жегiн еркiн меңгерiп, қазақ елiн әлемге паш еттi. Әйгiлi актер Брюс Лимен төс қағыстырған перзентiмiздiң «Отаным» деген жүрегiне өз қазағымыз зәһәр шашып сөндiрдi. Алаулаған жастығын қайта тұтандырмас үшiн мәңгiлiкке өшiрдi. Қазақы үйде қазақтың шаңырағын сыйламаған ағалары iнiсiн аспен атты. Арам ниеттiлер адал асты арамдады. Дәмдес болғандардың барлығы аман да, сұм зәһәр арыстай Мұстафаның асына түсiптi. Осылайша ауаның ызғары мен аптап ыстығына қарамай Отанына бет алған қыранын, қазақ қадiрiне жетпей қанаттандыра алмады.
Шығыс жекпе-жегiн бiлегiнен қылқаламына ұштастырған бекзат болмысты Бексейiт Түлiкеевтiң өлiмi ел еңсесiн қайта түсiрдi. Мұстафадай мәрт тұлғаның жолын жалғастырып жүрген Бексейiтке қытай кино жұлдызы Джеки Чанның таңданғанын, қазақ баласының талантына тамсанғанын әлем жұртшылығы естiген едi. «Шыбын жан», «Жекпе-жек» және «Қасқасу» картиналарымен қатар «Ұлы көш » атты эпопеялық еңбек қалдырған Бексейiттiң асар биiгi әлi де алда едi. Бiрақ белгiсiз қарақшылардың қолынан арман мен үмiтке толы ғұмыр үзiлiп кеттi. Ел-жұрт Бексейiтке пышақ сұққандар «жанында жүргендер» деп, шу ете қалды. Осылайша жабулы қазан жабулы күйiнде қала бердi…
Қыбырлаған құмырсқа мен ызыңдаған шыбын өтпейтiн күзет камерасынан, жетесiз оқ межелi жерiне адаспай жетiп, қоғам қайраткерi Заманбек Нұрқадiловтiң өмiрiн қиды. Кiм ұтты, кiм ұтылды? Әрине «құшағының қаттылығынан» қазақ тағы да ұтылды. Уықты сындырғандар, ұрандап қуанғанымен, келешекте азан шақырып азаптанарын бiлмейдi. Қазақ десе өзiмiзге тиедi… Соған күйiнем…күңiренем… «Бар болса көре алмайтын, жоқ болса бере алмайтын» мiнездi кiмнен үйрендiк екен»?!
Осылайша айдың күнi аманында арыстай азаматтарымыз жалынға оранып жатыр. Серкелерiмiздiң мүйiзiн сындыру қашан тоқталады? Тапсырысты орындаушы түрмеде отырады да, тапсырыс берушi жұмақта жайраңдап жүредi. Бұрын кiшкене экраннан көрiп, жаға ұстайтын бұл қылмыстар бүгiн көз алдымызда өтiп жатыр.
Айдай аспанға қазақтың ұлдары сыймай, бiрiнiң жетiстiгiне бiрiнiң қуанғандығын «қаруланған құшағы» арқылы көрсетуде. Қарулы құшаққа тыйым салынбаса,ұлт шаңырағының уықтары сынып, сөгiле бередi, сөгiле бередi…
Әркiм қаруды кезенбес бұрын өзiне » Осы жан кiм үшiн еңбек еттi?» деген сұрау қоюуы керек. Құрбандық — адам қолынан ажал құшуға мiндеттi ме? Тапсырысты орындаушы жасаған ерлiгi үшiн алған ақысын отбасына қалдырғанымен, жазықсыз төгiлген жас пен қиылған қанның қайғысы биiкке жiбермес… Мұстафа, Бексейiттер бұла күштi Тәңiрден тiлеп алған жоқ, бойындағы талантын еңбегiне бағындырған ұландар ажал құшуға мiндеттi ме? «Болар елдiң ұлдары бiрiн-бiрi батыр» деп биiкке көтеретiнiн ескерсек, жақсылық әкелмейтiн әдеттерден аулақ болып, ел келешегiн ертең сенiп тапсырар ұландарымызға үлгi бола бiлгенге не жетсiн?!
 

Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА,
ХҚТУ-дың студентi

ЕСІМДЕР ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚ ЕСIМДЕРIНIҢ ҚҰПИЯЛАРЫ

Қазақ тiл бiлiмiнде антропонимия деген термин бар. Антро+пос – «адам, оним//онима – «есiм», «ат» деген сөз. Ендеше, антропоним дегенiмiз – «кiсi есiмi», антропонимика дегенiмiз – ономастиканың кiсi есiмдерiн зерттейтiн саласы.
Телғожа Сейдiнұлы Жанұзақов осы салаға байланысты бүгiнге дейiн 320-ға жуық ғылыми еңбек жазып, жарыққа шығарыпты. Iрi еңбектерiнiң өзi 45-тен асып жығылады екен.
Әрине, қысқа ғана мақалада бiз бұл еңбектердiң бәрiне тоқтала алмаймыз. Сондықтан Телағаңның бiр-ақ қырына, яғни ол кiсiнiң кiсi есiмдерiне деген құлшынысы мен сол тақырыпқа жұмсаған күшiне, төккен терiне ғана тоқтақмақпын.
Телағаңның кiсi есiмдерiне қатысты ең бiрiншi мақаласы 1957 жылы жазылыпты. Мақала «Жалқы есiмдердiң жазылуы» деп аталады.
Қазақ қауымы Телғожасыз кiсi есiмдерiн, кiсi есiмдерiнсiз Телғожаны көзге елестете алмайды. Ол кiсiнiң «Қандай есiмдi ұнатасыз?» (1968), «Қазақ есiмдерiнiң тарихы» (1971), «Есiмдер сыры» (1974 «Сiздiң есiмiңiз кiм?» (1989), «Қазақ есiмдерi» (1988) атты кiтаптары мен толып жатқан ғылыми мақалалары оқырмандары бей-жай қалдырып көрген жоқ.
Кiсi есiмдерiне қарап отырып-ақ, өзiмiзге дейiн өмiр сүрген ата-бабаларымыздың тарихы, мәдениетi, тұрмысы, әдеп-ғұрыптары мен салт-санасы, дүниеге, дiнге көзқарасын, неге қол созып, неден үмiт күткендiктерiн бiлуге болады. Сол замандарда өткен тарихи оқиғалардан (Төңкерiс, Совет, Кеңес, Съез, Колхозбай, Совхозбек т.б.), қоғамдық өзгерiстерден (Коммуна, Социал, Октябрь, Правда т.б.), соғыстар мен атыс-шабыстардан (Майдан, Армия, Әскербай, Солдатбек т.б.), ауа көшуден (Ауғанбай, Қашқынбай, Көшкiнбай, Көшербай т.б.), жеңiс пен жеңiлiстен (Жеңiс, Бейбiт, Тыныштық) мәлiмет аласыз. Тiптi, халқымыздың әлеуметтiк жағдайларынан да (Әкiмбай, Манапбай, Қойбағар, Қозыбағар т.б.), дiнiнен де (Омар, Оспан, Әли, Жүсiп, Мұса т.б.) хабардар боласыз.
Телағаңның айтуынша, Түйебай, Жылқыбай, Сиырбай деген есiмдердi байлар немесе бай болуды армандайтын адамдар қояды екен. Ал Жылқышы, Қойшы, Сиыршы деген есiмдердi бай болудан үмiтiн үзген, мал баққан тiршiлiгiнiң өзiне риза, кедей адамдар қоятын болған. Осы тұрғыдан Итбай, Күшiкбай, Тезекбай, Шұлғаубай, Ақбайпақ немесе Барақ, Жапа, Жарық, Соқыр, Шұнақ, Шолақ деген сияқты есiмдердi қоюшылардың ұғым-түсiнiктерiн шамалауға, ой-өрiстерiн бағамдауға болады. Тоқтасын, Тоқтар, Тоқтамыс, Тұрсын, Тұрар деген есiмдер ат қоюшының арман-тiлегiн, мақсатын бiлдiрсе, Алдаберген, Құдайберген, Тәңiрберген, Сұрапберген, Төлепберген, Төлеген, Төлемiс, Өтеген дегендер наным-сенiмнен туған есiмдер.
Телағаңның ой-желiсiне сүйенсек, қазақ халқының балаға ат қоюының өз заңдылығы, өз үлгi-нұсқалары бар. Бұрын ұл болса болды, оның есiмiне «бай», «бек», «хан» сөздерiн қосақтайтын болсақ, қазiргi кезде бұл қосымшалардың мән-мағыналары ескiрдi деп есептеп, оларды қоспайтын, қоссақ та аз қосатын болдық.
Ертеректе қазақ халқы баласына ат қоюға келгенде басқа халықтар құсап дiн иелерiнiң атын iздеп,әуре болып жатпай-ақ, дүйсенбi күнi туса – Дүйсенбай, жұма күнi туса – Жұмабек, ауылына, үйiне хан келсе – Хангелдi, би келсе – Бигелдi, сұлтан келсе – Сұлтангелдi, қожа келсе – Қожагелдi деп, болмаса әкесiнiң қанша жасқа келгендiгiне орай баласына Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпiсбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп ат қоя беретiн болған. Қазiр, Құдайға шүкiр, ол әдеттен арылдық.
Қай үйге барсаң да, алдыңнан Болат, Қанат, Қайрат, Жанат, Берiк, Серiк есiмдi ұлдар мен Мөлдiр, Маржан, Арай, Әсем, Әсел, Сымбат, Сандуғаш, Салтанат, Айгүл, Айнұр, Ақбота, Ақерке, Ақбаян, Ақмарал, Әйгерiм, Назерке атты қыздар жүгiрiп шығады. Бұл, бiрiншiден, халқымыздың ой-өрiсiнiң, сана-сезiмiнiң артқандығының, мәдениетiнiң, талғамының дамығандығының белгiсi болса керек. Екiншiден, Телағаңның жазған кiтаптары мен мақалаларының әсерiн де есте ұстағанымыз абзал болар.
Кiсi есiмдерi жөнiнде Телғожа Сейдiнұлы тек кiтаптар ғана жазып қойған жоқ, сонымен бiрге ол кiсi «Сенiң есiмiң» (1958), «Кiсi аттарының тарихы жайында» (1960), «Кейбiр кiсi аттарының жазылуы жайлы» (1962), «Фамилиямызды қалай жазамыз?» (1994) деген сияқты толып жатқан мақалаларды да дүниеге келтiрiп, оларды республикалық газет-журналдарда жариялап жүрген адам. Бұл мақалаларында Телағаң қазақтың аты-жөнi, тегi (фамилиясы) «қалай болу керек», «қалай жазылу керек», «неден қашуымыз қажет», «қай есiм жақсы» деген сияқты мәселелердi көтерiп, құнды-құнды пiкiрлер айтты, маңызды-маңызды ұсыныстар жасады. Ол пiкiрлер мен ұсыныстар кезiнде әжептәуiр қоғамдық пiкiр туғызып, көп адамдарға ой тастады, қозғау салды. Оның нәтижелерi туралы жоғарыда айттық. Соған қарамастан бұл мәселе күнi бүгiн өз шешiмiн түбегейлi тапты деп айта алмаймыз.
Оған дәлел: қазақтың аты-жөнiнде егер бұрынғы кезде мән-мағынасы тұрпайылау (жағымсыздау) есiмдер көбiрек кездессе, қазiргi кезде мағынасы да, дыбыстық тiркесiмi де түсiнiксiз есiмдер етек алып барады. Әсiресе Альфия, Алина, Анелия, Аида, Анара, Динара, Гуля, Гүлзия, Гүлзира, Гүльмира, Гүлвира, Гүлзада, Эльмира, Элеонора, Замира, Мария, София, Сания, Света, Клара, Лаура, Жания, Жанна, Лиза, Мая, Зоя немесе Артур, Ануар, Арслан, Руслан, Эрнс, Тимур, Мадьяр, Илья т.б. деген сияқты еуропаланып кеткен есiмдер көптеп кездеседi. Ерсiлiк, өрескелдiк, келеңсiздiк, сорақылық деп аталатын ұлтсыздықпен, санасыздықпен, басқаша айтсақ, мәңгүрттiкпен күрес елiмiзде жалғаса берер.
Бiрақ болашақта Телғожаның iзбасарлары азулырақ, батырлау, тегеурiндiрек болғаны абзал. Әйтпесе халқымыздың мәдениетiне, дәстүрiне жат мынау үрдiстiң келешекте бұйда үзiп кетер түрi бар.
Мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетiнде оқытушы болып қызмет етемiн. Жыл сайын барлық факультеттер бойынша қазақ топтарында оқитын мыңдаған студенттер менiң алдымнан өтедi. Солардың аты-жөндерiне қарап отырсаң, бас шайқамасқа шараң жоқ. Өйткенi әлгi студенттердiң тек 0,3 пайызына жете-жетпесiнiң ғана аты-жөнi Ақат Нүргелдi, Рахатжан, Мархабат, Оспан Қуаныш, Мажит Арайлым, Келес Бақтыгүл, Увайс Айна, Мажен Эльмира, Ержанұлы Еркiн, Сәулебекқызы Дина деген тәрiздi қазақша жазылған. Бұлардың көпшiлiгi Қытай Халық Республикасы мен Монғолиядан көшiп келген өзiмiздiң қандас бауырларымыздың балалары. Қалған 99,7 пайыз студенттердiң бәрiнiң фамилиялары сол бұрынғысынша
–ов/ова, -ев/ева-лармен аяқталады.
Мұны былай қойғанда жаңағы 99,7 пайыз студенттердiң көпшiлiгiнiң аты-жөндерi төлқұжаттарында қате жазылған. Онда қазақтың Әмiр сөзi – Амир, Әнуар сөзi – Ануар, Әбдiқайыр – Абдукаир, Баймырза – Баймурза, Еркiн – Иркен, Жүсiп – Юсуп, Өсербай – Усербай, Өтепбай – Утепбай, Ыдырыс – Идирис болып кеткен. Бұл, әрине, қате жазылған кiсi есiмдерiнiң бiр парасы ғана. Iздесеңiз мұндай сорақылықтарды кез келген төлқұжаттан оп-оңай таба аласыз.
Бұған кiм кiнәлi?
Әрине, бұған төлқұжат иелерi кiнәлi емес. Бұл төлқұжатты берушi мемлекеттiк қызметкерлердiң кесiрi. Олардың саналарының кеңестiк идеологиямен уланғандығы соншалықты, Кеңес үкiметi құлап қалса да, әлi күнге дейiн сол баяғы әдетiнен жаңылмай келедi. «Мұның қалай?» деп жатқан балалардың әке-шешелерi жоқ. «Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын қазақша жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығын» (1996 ж. 2 сәуiр) неге орындамай жүрсiңдер?» – деп сұрап жатқан Iшкi iстер министрлiгiнiң қызметкерлерi тағы жоқ.
Егемендiк алғанымызға 17 жыл өтсе де, бодандықтан құтылмағандығымыздың бiр көрiнiсi осы ғой деп ойлаймын.
Қысқасы, бұған кiнәлi – бiрiншi кезекте үкiметiмiздiң құлықсыздығы мен құнтсыздығы, екiншi кезекте халқымыздың енжарлығы мен еренсiздiгi.
 

Байынқол ҚАЛИҰЛЫ,
Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты

Түркістан газеті

ТЫШҚАН МЕН ЖЫЛАН

Бір  тышқан  тамақ аулап, ініне  қайтып келсе,  онда  бір жылан  жатыр екен.  Тышқан мұнан  жаман қорқып,  қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай,  өзінің қайғысын айтқалы  көршілеріне  барады. Ақылды тышқандар  жиылысып  отырып, кеңесін айтыпты:

          Сен  ол  інді  тастап, өзге  ін  қазып ал. Жылан  сенің ініңді  тартып алғаны әділдік емес, бірақ  оған  қылар  еш  айла жоқ. Оған  тиіп  не қыласың? Мазасын ала берсең, өзіңді  жеп  қояды, оған  ештеңе қыла  алмайсың.Тышқан бейшара қайғырса да,  үндемей қойыпты. Бірақ  қалай кегін алуды ойлайды.

Бір күні сейілдеп келе жатса, інінің аузында  жыланның  күн шуақты  жылынып жатқанын көріпті. Жанында бір кісі  ұйықтап жатыр екен. Тышқан  барып оның  мұрнын  тістеп алып, жыланға қарай  тұра  қашыпты. Кісі  оянып, тұра  қуады. Қараса, алдында  жатқан  жыланды көреді. Тышқаннан  мұның зияны көбірек  болған соң, кісі жыланды өлтіруге алданып қалыпты да, тышқанды қоя беріпті.

Сөйтіп, кегі қайтқан  тышқан  өз ініне  келіп тұрыпты.