Еріңіз басқаға көз салмас үшін…

Сұлу да нәзік қалпыңды ұзақ сақтаңыз. Жұмбақ күйіңізді үнемі сақтауға тырысыңыз.

Еріңізге әркез беймаза емес, әркез саяжай секілді жайлы да тыныш тілге тиек болыңыз.

Еріңіз сүйсінетін тіл үйірер бес түрлі тамақтың рецебін біліңіз, және құпия ұстаңыз. Сосын сәнді киіміңізбен таңдандырудан шаршамаңыз.

Еріңіз кей кезде көкейінде жүрген сырын ақтарса мұқият тыңдаңыз, әуелі кеңес беруге асықпаңыз. Сосын сырын жұртқа көрші көлемге жаймаңыз. Сенімін ақтаңыз.

Ең күшті еркектің өзі де әйелдің мейіріміне мұқтаж ететінін ұмытпаңыз.

Сіздің еріңіз бен балаларыңыз жақсы көріп құрбандыққа барса жазғырмаңыз.

Көшеге де үй де болсаңыз да таза да тартымды болыңыз. Мыжылған халат пен ұйпалақталған шаш өзіңізді көріксіздендіретінін ұмытпаңыз.

Адамның сұлулығы тән емес, жан сұлулығы. Сондықтан  жылулығыңызды еш жоймаңыз. Үйге, қоршаған ортаға  жылу берсеңіз бұл сізді одан әрі сұлу етіп көрсетеді.

Көтеріңкі көңіл күй мен үнемі күліп жүріңіз. Шынайы шын жымиып, қуаныш сыйлаңыз.

Advertisements

Янтарь жөнінде

янтарь

Ғалымдар  янтарьдан жасалған әсемдік бұйымдарын шипалы деп есептейді.  Янтарь көп ғасырлардан кейін тасқа айналған  ежелгі  қарағайдың шайыры. Бұл тастың құрамында  ішкі ферменттердің жұмысын  тұрақтандырып, зат алмасу процесін  реттейтін  белсенді биостимулятор янтарь қышқылы бар.  Әсемдік бұйымдары денеге  тигенде янтарь қышқылы тек зақымданған  клеткалардағы токсиндерді кемітеді. Ол тамақ, қалқанша без, бауыр, бүйрек және буын ауруларына  пайда келтіреді, алайда өзі ағзаға жиналмайды және оның  ешқандай зияны жоқ. Янтарь қышқылының орнына тамаққа қарлыған (крыжовник), жүзім (виноград), рауғаш (ревень), шалқан (репа) қосу арқылы  толтыруға болады.

БІЛІМ МЕН БАЙЛЫҚ

img_buk_1a.jpg 3.jpg
Біріншіден, білім бұл пайғамбардан қалған мирас, ал байлық бақылдардан қалған мұра.
Екіншіден, білім сені бағады, ал байлықты сен бағасың.
Үшіншіден, білім досыңды көбейтеді, ал байлық дұшпаныңды көбейтеді.
Төртіншіден, білім іздеген сайын көбейе, молая береді, жұмсағанмен азаймайды, ал байлықты жұмсасаң азаяды,кемиді, жойылады.
Бесіншіден, білімді ұрыдан қорғаудың қажеті жоқ, ал мал мүлікті, дүниені, жиған-терген байлықты ұрылардан күнде қорғайсың.
Алтыншыдан, білімің көп болса, ел сені құрмет тұтады, ал байлығың көп болса қызғанады.
Жетіншіден, білімге есеп-қисап жүргізбейсің, ал байлығыңды күнде есептеп отыруың қажет.
Сегізіншіден, білім қаншама көп болғанымен іріп-шіріп бүлінбейді, ал байлық бір жұттық өледі, жоғалады.
Тоғызыншыдан, білім жандүниеңді байытады, ал байлық қиялыңды, көзқарасыңды шектейді, тура жолдан тайдырады.
Оныншыдан, білімді адам мәдениетті, әдепті, адамгершілікті болады, ал байлығы мол адам мақтанады, әркімге астамшылық көрсетеді.

ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

Таңертең төсегінен күліп оянған әйел жақсы.
Еңсесін асқақ, иінін тік ұстап, иіліп сәлем беріп тұратын әйел жақсы.
Жанұясына жарық сәуле шашып, жфлу беріп, береке, құт болып тұратын әйел жақсы.
Шашын күземей, бетін боямай, табиғи өзінің түр түсін сақтап жүрген әйел жақсы.
Барға мастанбай, жоққа жасымаған әйел жақсы.
Еңбек ету бақыт, адамның жауы жалқаулық, деп балаларын адал еңбекке баулыған әйел жақсы.
Жетім жесірді, кемтар, мүгедекті келеке етпе, пейіл құлқы бұзылған адамға жолама деп балаларына дұрыс жол көрсетіп отырған әйел жақсы.
Күйеуін аялап, әлпештеген, жан дүниесін түсініп, арқа сүйері болған әйел жақсы.
Күеуінің қабылдаған шешімдерін қолдаған және отбасының ортақ мақсаттарына жетуде қолғабыс болған әйел жақсы.
Отбасының ұйытқысы болып, әдемі келбетін, әр кез жасына сай әдемі көрінісімен, әдемі қартая білген, екі елі ауызына ие болған, орынды сөйлеп, көп тыңдаған әйел жақсы.

ЕРКЕКТЕРГЕ НЕ СЫЙЛЫҚ АЛАМЫЗ?

Кейде жігітімізге немесе күйеуіңізге, аға інілерге, әкеге, жұмыстасқа, ер адам бастыққа не аларымыз да білмей қалатынымыз кездесіп қалады. Туған күніне немесе мейрам күндері, былайғы күндерде сүйіктіңізге сыйлық таңдағанда үнемі галстуктен шаршауы да мүмкін. Сондықтан сіздерге ерінбей суреттер қарастырып едім. Бәлкім сіз қандай сыйлық ұсынуды білетін шығарсыз. Бірақ та білмейтін бойжеткеніміз де бар ғой. Солардың бірін жазып кетейін, ал суреттері төменде.
VİP сыйлықтарға: тері фотоалбомы, пикник үшін құралдар, телефон, қымбат қалам түрлері, трост, сейф, шахмат, нарды т.с.с.
Кәдімгі сыйлықтар: шырылдауық сағат, фарфорлы мүсіндер, калейдоскоп, дүрбі, диплом, кәмпиттен жасалған букет шоғы, автосүйгіш болса арнайы құралдар, панорама, айна, иероглиф, шкатулка, кілт салғыштар т.с.с.
Бизнесмен үшін: визитка салатын құрал, мини голф, бижутерия, кеме, хьюмидор (темекі сақтайтын қобдиша)
Жігітіңіздің қандай түс ұнататыны, көңілі неге жақын екенін анықтап алғаныңыз дұрыс. Бәрін айт та бірін айт ер адамдар үшін сыйлықтың ең үлкен түрі ол сіз, яғни әйел заты. Жанында жүрген салиқалы, баға жетпес ару ол сіз болуға тиістісіз. Сондықтан өз болмысыңызды жоғалтпайық, ару қыздар 🙂 Оқуды жалғастыру

ТҰЗДЫҢ ПАЙДАСЫ

1160399297-untitled-6.jpg
• Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса, май ерімейді.
• Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.
• Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.
• Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.
• Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек бұл еңбекті жеңілдетеді.
• Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.
• Овощтағы жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.
• Шойын ыдысты тат басса, оны тұз қышқылының әлсіз ерітіндісімен сүртіп кетіруге болады. Кірленген шойын ыдыстарды елеп алынған майда құммен, түрлі қағазбен ысып тазалап алып, одан кейін сода қосылған сумен жуу керек.
• Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша «қыздырылған» табаға тамақ жабыспайтын болады.

СУДЫҢ САН ҚАСИЕТІ

caqzwt2b.jpg Ағзаның қорғайтын бейімделу қасиеті көбінесе сумен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайына байланысты.Су жетіспеген жағдайда адамның денесінен бөлінетін тұздардың шығуы нашарлап, қызметі бұзылады. Сондықтан жұмыста, не үйде болсын құмырадағы жарты литр су болуы керек. Егер дене еңбегімен, немесе спортпен шұғылданып арықтағыңыз келсе кесе суды ұрттап асықпай ішіңіз. Егер таза су болмаса, онда су құбырынан алғаншикі су ең кемінде жарты минөт қойып, ішкен дұрыс.Сауықтыру авторлары күнде таңертей бір кесе суық су ішуден бастауды ұсынады. Егерде сіз қатты ашулана қалсаңыз, сумен жуына салғаныңыз дұрыс. Өйткені сіз от болып қайнап тұрсыз, ал су отты өшіреді. 🙂
Егерде сіз суды ішетін болсаңыз бірден қылғыта салмаңыз. Бір ұрттаңыз, бірер минөттан соң екінші рет ұрттаңыз, тағы бірер минөттен соң үшінші ұрттаңыз да, соңынан бірден қылғыта салуға болады. Өйткені суды бірден іше салу ол да денсаулыққа зиянды көрінеді.
Егер сіз жолдасыңызбен жыныстық қатынасқа түссеңіз, таңертеңімен міндетті түрде жуыныңыз. Оны ғұсыл деп аталады. Ең әуелі кіші дәрет аласыз да, соңынан душқа кіресіз. Әуелі ниет етіп, Раббының ризашылығы үшін ниет еттім ғұсыл етуге деп қолды білекке дейін үш рет жуыңыз, сосын ауызды шәйіңіз, сосын мұрынға су жіберіп тағы шәйіңіз. Кейін ине шаншар жер қалмайтындай сумен ысқылап жуыныңыз. Содан кейін ас бөлмеге кіріп шәугімді қойыңыз. Бұл нағыз тазалықтың көзі. Әрі өзіңіз таза, әрі үйіңіз таза болмақ.
Егер азанда бірінші болып сіз тұратын болсаңыз, беті қолды жумастан ас бөлмеге кіріп ас жемеңіз және шәугімді газге қоймаңыз. Неге дейсіз бе?Өйткені сізден ұйқыдан тұрдыңыз ғой. 🙂 Және түнде бактерия мен кірлер просесі жүреді. Таңертең оларды міндетті түрде тазалау керек