ҚАЗАҚ КЕЛБЕТІ

1. Қазақ шеберлерінің туындылары
koll13.jpgkoll18.jpgimg_23.jpg

2. кимешек
kztrad20.jpgsociety15.jpgdsc04646_s.jpg

3. Қыз өссе елдің – көркі
liki2.jpg012.jpg9154123.jpg
Оқуды жалғастыру

МАЙЛЫҚОЖАНЫҢ ТЕРМЕСІ

Төте жазуға қарап жазып отырмын. Терменің аты
«АЛҚАЛЫ ЖҰРТЫМ АРМЫСЫҢ»
Қате болса, білгені түзетерсіңдер деген үміттемін.
Өз басым термені сүйіп тыңдаймын да, жақсы көремін.

ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛУ ҚЫЗДАРЫ-АЙ

Алтайлық қазақ әншісі Әсемханның орындауында

ТӨРЕЛЕР МЕН ҚОЖАЛАР

Толығы мына жерде жүзге кірмейтін ақсүйек деп санайтын рулар жайында бірер мағлұмат

http://anatili.kz/?act=readarticle&id=81

ДЕЙДІ…

ӨЗ ҰЛТЫҢДЫ ҰЛЫҚТА

«Бабалары олардың жылап кеткен» деген өткiр тiркестi өлеңдi жақында бiр газет бетiнен көзiм шалып қалды. Жыр – оралмандар жайлы. Рас, кешегi аласапыран заманда тайқымаңдай тағдырлы қабырғалы қазақ не көрмедi? Қаралы көш, босқан ел жалпақ әлемнiң қай қиырына болсын ауды…
Тәуелсiздiктiң толқынымен, Бостандықтың бағытымен қазақ пен қазақ қайта қауышты.
Мен Өзбекстан мемлекетiнiң Қарақалпақстан аймағында туып-өстiм. Арғы аталарымыз Сыр елiнен солай қарай ойысыпты. Тұрмыстың ыңғайына қарай Бұқар облысына көштiк. Жоғары оқу орнынан бiлiм алған соң мектепте мұғалiмдiк қызметте болдым. Өзге жұрттың босағасында өз отымызды өшiрмей, тiлiмiздi, салт-дәстүрiмiздi сақтап, болмысымызды өзгерткен жоқпыз. Әйтсе де, кiсi елiнде керi тарту кесiрi көп сезiлдi. Қанша жерден дарынды, бiлiктi болсаң да ұлттық ұстанымнан әрi асып кете алмайсың. Менiң өзiмнiң сол жақта мұғалiмдердiң облыстық байқауынан 2-орын алуыма тура келдi. Талабым мен сабағыма сендiм бе, тартысып көрдiм. Түк шықпады. Себебi – ұлтым бөлек. (Шындығы солай). Нәтижеде 1-орынды тәжiрибесi аздау, атлас көйлек киген сiңiлiм алды. Республикалық сынға сол шығуы керек. Бiттi. Жалпы, ол жақта биiктеу орынтаққа отыру мүмкiн емес. Министрлiктi, комитеттi, облыстық әкiмшiлiктердегi жұмысты армандаудың қажет жоқ. Нағыз ұлттық идеология мықты дамыған. Шыны керек, олар ұлттық ұстанымды кейде бiзден де мықты ұстағандай.
Қазақ елiне келгенiме 4 жыл болды. Бiрiншi санатты мұғалiм болғанымды қайтейiн, жұмыс жоқ. Мектептерге барсам, орын жоқ. Аудандық бiлiм бөлiмiндегiлер «хабарласып тұрыңыз» деп шығарып салады. Мектептерге ақшамен жұмысқа тұру дегенге сенгiм келмедi. Өзге тiлдiлер қазақшаны менсiнбейдi деген өтiрiк саясат та көңiлiме қонбайды. Бiз «халықтар достығы» дегендi жиi айтамыз. Иә, ол да керек. Әйтсе де өз ұлтыңды ұлықтаудан артық ұлы қасиет еш жерде жоқ. Тыныштық бұзылмасын. Қазақы идеологияның еңсе көтеруiн бiр Алладан тiлеймiн.

Жаңыл ӘЛМАХАНОВА

БАРТОҒАЙ

cimg5660.jpgcimg5642.jpgcimg5618.jpgcimg5606.jpgimg_3712.jpgimg_3711.jpg

Қазақтың осындай әсем жерлері-ай, бұл суретті Аспаздық блогының иесі Эльвира әпкеміз және керекинфоның мүшесі Нүргүл әпкем емайл арқылы жіберді. Суреттер қатты ұнағасын осында қойғым кеп кетті. Енді нағыз шомылатын жер екен.  Әне бір өзенге сүңгіп кіріп кетіп русалка болсам ба бәлем! 🙂

Таңғы елес

Маған жігіт ұнады, шапан кигенде сондай сүйкімді көрінеді 🙂 Бұл жігіт әйелдің қылықтығын көрсету үшін телміре қараған көзқарасқа әйел ерді іштей ұнатып қалған. Сахнада образ жасау үшін образға ену керек қой. Қой құрысын одан да өмірде образға енгенмізі жақсы ғой. Әй әртістік өмір-ай.Кейіпкерді көрсетем деп, іштей бықсып жүргендері. 🙂