Ақ кө… торғай секілді Ұшып қонған, жеңілтек, шыжбалақ кісі
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді Сапасы жақсы, хош иісті шайдай көңіл жадырататын кісі.
Ақпан соқса өлмейтін, тоқпан соқса өлмейтін Шыдамдылық, төзімділік туралы айтылады. 
Ақпар су Ағын су
Ақ пен қызыл арасында Күн ұясына кірген шақ
Ақ сазандай бұлықсыды Сылаң қақты. Толған айдай толықсып,Ақ сазандай бұлықсып,Бұралып кетіп барады.(ҚЖ)
Ақсақты тыңдай, өтірікті шындай қылды Жай жапсарын білдірмеді, жалғанның  қисынын келтірді.
Ақ сұпыдай Әсем, ақ торғынАқ сұпыдай бет біткен,Оймақ ауыз, күлім көз,Ақ шыныдай ет біткен,Қайың сынды мүсінді (ІЖ)
Ақ табан Мал мүліксіз, сорлы, кедей
Ақ тұш, ақ сиырдың сүтін іш! Кісі түшкіргенде қалжың, әзіл сықақ ретінде айтылатын тілек

А….

Айыл тұрман тағынды Жол жүруге әбден дайындалды, сайланды.
Айылын жимады Сескенбеді, жасқанбады, қымсынбады.
Айын аспанға шығарды Көтермелеп, дәріптей  мақтап кетті.
Айын өткізді Зәрулігін, керектігін таныту, жеткізу мағынасында айтылады.
Айып анжы берді Айып төледі, айыбының төлемін өтеді.
Айып шамы жоқ Ерсілігі, артықтығы, өрескелдігі жоқ.
Ақ бөкеннің таңындай Күн шалмаған аппақ, ақ күмістей.
Ақ жолтай болды Қадамы құтты, үнемі жолы болатын адам туралы  айтылады; келуі өзгеге  жақсылық болған  кісіге  айтылады.
Ақ иық
  1. Мұз балақ  ерекше қыран, айрықша асыл қыран.
  2. Айрықша  асыл  адам, ер жігіт.
Ақ көз Надан,  оқымаған, қараңғы. 

1. Азасын өткерді   қайтыс болған кісіні  арулап  жөнелтті.

  2. Азу  шалды ұлғайды,  егде  тартты, қартайды.  Алғыр жас буындар  түгілі, азуын шалдырған  менің  көңліме  де мынау  оқуың қонып  жатыр. (М.А.)  

3. Азы мен тозы    қатарының  кемі,  ең нашары, жоқ жітігі. Ал ұтылсаң, ішер ас, киер  киімге  жарымайсың. Өз қатарыңның азы мен тозы  боласың. (Ә.Н.)

  4. Айдың қараңғысы айдың  отырып  туатын кезеңі.

      Бүгін  айдың нешесі,

      Ай қараңғы  кешесі.

      Жазығы  қатын демесең,

      Қартайса да ілгері,

Әлгі  қыздан мүшесі. (ҚЖ.)

  5. Айлас қатын мұңдас  істеп   жүрген  ісі бір  әуендес   адамдар  сырлас болады деген  мағынада айтылған.                 

   6. Айналасы  кебір, ортасы  жебір   төңірегі  сортаң,  ұйықты жер. Айналасы кебір екен, ортасы жебір екен. Бұл қоныс болмас.    (АӘ.)      

   7. Айтқан дәті   – білдірген  көңілі,  білдірген   арманы.  Ғашығына  қоштасып  айтқан дәті (АӘ.)     

   8. Айтушы ердің ұстасы    шешен сөйлеп,  шебер   жеткізетін   адам   туралы   қолданылады.      

     Ендігі сөздің қысқасы,    

     Айтушы  ердің ұстасы,    

     Сығалап  атқан  ақ перен,    

     Қалаған  жерден ұрады. (ҚЖ.)      

    9. Айшықты  сөз   мағынасы терең, көркем  үлгіде  ұтқыр   айтылған  ғибратты  әңгіме.      

    10. Ақай ноқай, (Тоқай, ұқай жоқ) жоқ себепсізден себепсіз, ай жоқ, шәй жоқ.

Адам  сирақ  аты адам – заты  айуан, адам кейіпті, екі аяқты дүние қоңыз, хайуан деген  сықылды  балағаттау мағынасында айтылады.

Көзіме  көрінбе, дүниеқор,  адам сирақ (М.Ә.)  

Адыра талқан  қылды  – бұзды, быт шыт қылды; бүлік салды, күл талқан  етті.

Біреудің  қуаныш  тойы еді, Адыра талқан қылды. (ҚЖ.) 

Ажалды киік адырға   бәле түртіп, жаманшылыққа бастау туралы  айтылады.   

Ажары өтпеді   сөзін сыйламады, қадірлемеді;  

Ай арасы толас болады – екі ай  аралығындағы  жауын-шашынсыз,  саябыр кезең туралы  айтылады.

Ай балтаның  сабындай – жұп-жұмыр, үзілмелі  білекті.

Білегінің  шырайы,Айбалтаның сабындай.(ҚЖ.) 

Айбар мүйізді – құдіретті, сұсты, қорғаныш болар, сүйеу болар деген мағынада.

Құландай ащы  дауыстым,

Құлжадай  айбар мүйіздім,

Қырмызыдай  ажарлым,

Хиуадай базарлым,

Теңіздей терең ақылдым!(М.Ө.)  

Айға шапты – жай далбаса болды, қол жетпеске ұмтылып, босқа далақтады.  

Айғырдан шыққан бие – құрсағына жаңа  ғана құлын біткен, тоқтаған бие.

Айғырдан шыққан биені, ауыр жұмысқа салып, қинауға болмайды (С.К.)

  1. Адам жылқы мінезді – Осы жерде құбылмалы  деген мағынада айтылып тұр.

Адам  жылқы мінезді, аунаған соң, мінгенін ұмытады. (АТ). 

  1. Адам сауды – біреуді олжалады, пайдаланды, алдап арбады

Қулық, саумақ көз сүзіп тіленіп, адам саумақ өнерсіз иттің ісі (Абай). 

  1. Адам сирақ – Аты адам, заты айуан, адам кейіпті, екі аяқты  дүние  қоңыз,  хайуан деген  сықылды балағаттау  мағынасында айтылады.

Көзіме көрінбе,  дүниеқор, адам сирақ (МӘ).

1. Құс тіл – жіңішке, кішкене.  
Нанды құс тіл етіп тура.

2. Өкпе – бауыр, жалы бар – әлі де күші бар, бір табан күші бар.

3. Түйе кекірік – қатты тойып кентенде, ерікісіз өрескел  шығатын кекірік.

4. Ұзақ сонар – созылған, бір біріне ұласқан.
Әйтеуір, құдай салды, мен көндім деген ұзақ сонар, қара жортуылға  тәуір едік.

5. Темірден түйме түйді  – өте шебер, ұста.
Адамның шебері, темірден түйме түйді, содан көріп токарь болғым келеді.

1. Ішінен шірідііші жамандыққа толды, жаман оймен уланды.
Егер тілін алсаңыз,
Бірі қалмас кісіден.
Егер тілін алмасаң,
Бықсып шірір ішінен. (Абай)

2. Іші қурылмайтын, пышағы  сурылмайтын бұл жерде  аш-жалаңаш, жалаң, шөбі жоқ жерді айтады.
Баланың іші қурылмайтын, жігіттің пышағы суырылмайтын, еркегі ат  болатын, ұрғашысы жат болатын жер екен.

3. Ығын есті сүйемелдеді, қолтықтады, көмектесті.
Сәламат, Дастан, Сәруар тірі жүрсең,
Жылатпа  жетімдердің ығын есіп.
Сендер де  көзін алған көбелектей,
Қалдыңдар қайғы суын  белден кешіп.

4. Ұртын алып, мұртын жалғады жетпегенді еппен, қулықпен жалғастырды.

5. Төсегімен көтерді келін боп түсе, екі қабат болды.