ТІЛ ЖОЛЫ

 Егемендік алғанымызға екінші он жылдықтың жартысынан асты. Қазақ тілінің мәртебесі әлі өз деңгейінде емес. Не себептен? Осы және өзге де сауалдарға АҚШ-тың Индиан Университетінің профессоры, Ішкі Азия және Орал орталығынң директоры Билл Фирманн жауап береді. Сұбат беруші қазақ, өзбек, ұйғыр тілдерінде еркін сөйлейді.Назар аударыңыз! Құзырлық жетіспейді немесе авторизация қажет. Жаңалықтар мен шығарылымдар мұрағатының толық нұсқасымен тек ақпарат алмасу жүйесіне қатысушылардың ғана танысып шығуға мүмкіндігі бар.

 

http://kaz.newsfactory.kz/16659.html

Advertisements

АҚ СӨЙЛЕ


Телғожа Жанұзақов, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Кісі есімінің киесі болады
Мақала толығымен

МОРФОЛОГИЯ

Орны бөлек оқулық

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын дайындайтын бөлімнің мамандық бойынша оқытылатын негізгі пәнінің бірі – морфология. Морфологияны білмеген студенттен тілші шықпайды деген пікір ертеден қалыптасқан. Қазіргі студенттерге тіл білімі ғылымының морфология саласы бойынша тілдің құрылымдық жүйесінен, грамматикалық құрылымынан мәлімет беретін оқулық болмай қиналып жүргені белгілі.
Мақала толығымен

“ТІЛМАШ” КІМГЕ ДЕ БОЛСА КӨМЕК БЕРЕДІ

Біз бүгін тіл жанашырлары мен аудармашыларды қуантып, қазақ тілі десе қыржыңдап қалатын мемлекеттік қызметкерлердің де жұмысын жеңілдетуге сеп болатын жаңалықты жеткізбекпіз десек, өткен аптаның соңында Мәдениет және ақпарат министр­лігінің Тіл комитеті “Ізет” фирмасының ғылыми-практикалық әзірленімдерінің тұсаукесер рәсімін өткізді. Оған Парламент депутаттары, жоғары оқу орын­дарының ұстаздары, компьютер мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Ал енді “Ізет” фирмасының әзір­ленімдеріне келсек, ол:

– көптілді электронды сөздіктер;

– интернет желісінде қазақ тілін қолдану;

– қазақ тіліндегі мәтіндердің дұрыс жазылуын тексеру құралдары;

– ақпаратты кодтаудың қолданыстағы стан­дарт­та­рына сәйкес келмейтін қазақша мәтіндерді өңдеу құралдары;

– орысша мәтіндерді қазақ тіліне және қазақша мәтіндерді  орыс тіліне машиналық аудару (“Тілмаш” бағдарламасы) сияқты компьютерге лайықталған кешенді бағдарламалар тізбегі екен. Фирма директоры Ізетәлі Тілешовтің айтуынша, бұлардың ішінде ең маңыздысы – “Тілмаш” бағдарламасы. Осы бағдар­лама арқылы компьютердің жаңа нұсқаларында саға­тына 120 сөзді қазақшалауға немесе керісінше орыс­шаға аударуға болады. “Бағдарламада қазақ тіліндегі сөздер 120 мың шамасында, оның бер жағында нақты саны 6127 жұрнақ-жалғау топтастырылды деп айт­қа­ны­мызбен, бұл әлі толықтыруды, жетілдіруді қажет ете­ді. Өйткені, қазақ тілі — бай тіл. Рас, “Тілмаштың” тілі­міздегі тұрақты тіркестер мен еркін тіркестерді аударуға шамасы жетпейді. Осы тұрғыдан алғанда, бағдарлама аудармашыға көмек құралы болғанымен, онымен бірдей дәрежеде жұмыс істей алмайды. Сондықтан біз өз жұмысымызға  жоғары оқу орындарының  жүздеген ғалымдарын жұмылдырсақ дейміз. Сол кезде бұдан да жақсы нәтиже беретініне сеніміміз мол. Ал қазақ тілін енді үйреніп жүргендерге бағдарламаның көмегі шексіз.

Әрине, кез келген бағдарламаны жасаудың өз қиындығы бар десек, алғаш жасалып отырған “Тілмаштың” кемшіліктерінің болуы заңды да. Оның үстіне тендердің кісіні алашапқын қылатын жайын қосыңыз. Мысалы, Тіл комитеті жариялаған тендерді өткен жылы мамырда ұтып алған фирма 2006 жылдың соңына қарай міндетті түрде бағдарламаны жасап үлгеруі керек болған. Осы орайда тендерді жариялағанда, істің орындалуы кезең-кезеңмен жоспарланса, жоғары сапаға қол жеткізуге болар еді деп ойлайсың. Әйтпесе, толықтыруды, жетілдіруді қажет ететін іс жарты жолда қалып кете беретін сияқты. Бұл ойымызды Тіл комитетінің төрағасы Ерден Қажыбек қуаттай түсті. “Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін компьютерді қазақшалау керек деген пікіріміз пісіп-жетілген соң, былтыр тендер өткізуді ұйғарған болатынбыз. Нәтижесінде “Тілмаш” бағдарламасы дүниеге келді. Әрине, мұны дәл осы күйінде өндіріске жіберу қиындық туғызатын секілді. Өйткені, бағдарлама сөзбе-сөз аударады. Ал қазақ тілінде 5 миллион сөз тіркесі бар екенін ескерсек, “Тілмаш” әлі де жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан Үкімет мемлекеттік тілдің болашағы үшін қаржыны аямауы керек деп ойлаймын. Өйткені, кез келген фирма қайтымы аз, шығын көп кететін мұндай істер жасаумен айналыспайды. “Ізеттің” директоры қазақ тілінің жанашырларының бірі болғандықтан, өзі бастама көтеріп, аянбай еңбек етуде”, – деді ол.

Авторы: Айгүл СЕЙІЛОВА. ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН ГАЗЕТІ

«ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІ…

ТIЛIМIЗДI, БАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙЫҚ

Қазақ тiлi неге өзiнiң орнына ие бола алмай жүр деп уайымдаймыз. Соған қатысты ойымды ортаға салып, пiкiр алмасқым келедi. «Үкiмет алдағы уақытта профтехучилищелер ашылуын қолға алады екен» дегендi естiдiм. Ендi ашылатын профтехучилищелер тек қазақ тiлiнде ашылса екен. Себебi, тiршiлiктi ұстап тұрған еңбек. Еңбек адамы қазақша сөйлемесе, қазақ тiлi жойылып кетуi мүмкiн деп ойлаймын.
Профтехучилищелерде қазақша оқытуға оқулықтар жоқ, мұғалiмдер жоқ деген кедергi алдан шығады. Менiңше, қазақ тiлiн дамыту үшiн бюджеттен бөлiнген ақшаға оқулықтар шығарып, мұғалiмдер дайындау керек. Оқулық шығару жолы қазақ-орыс тiлiн жақсы бiлетiн халық шаруашылығының мамандары мен жазушылар, журналистердiң қолынан келетiн шығар. Жер жүзiнде барлық халықтар аударма арқылы өнер, бiлiмге жеткен. Халық шаруашылығында, жалпы адам тiрлiгiне керек мамандықтарға оқулық шығармай, мұғалiмдер дайындамай, мамандарды қазақ тiлiнде дайындамай, қоғамдық орындарда (кассалар, дүкендер, вокзалдар т.б.) тек қазақша сөйлемесек, қазақ тiлiн сақтап қалу мүмкiн емес шығар.
Жекеменшiк мекемелерде, мемлекеттiк мекемелерде қазақ тiлiнде жұмыс атқарып, ақпараттарын қазақ тiлiнде беру керек шығар. Қолда барымызды — тiлiмiздi бағалайықшы, ағайын! Қазақ халқын, тiлiн бағаламайтын, менсiнбейтiн ағайындардың құлағына алтын сырға. Атақ, байлық — бәрi өтедi. «Өз тiлiн, дiнiн, халқының қасиеттерiн бағаламаған халық» деп тарихта қара тақтаға жазылып қалмайықшы?! Мен халқымды, тiлiмдi, дiнiмдi бағалаймын, сенемiн. Халықтың көбi сондай. Қазақ халқын жұмыссыздықтан, арақтан, анашадан, ажалдан арашалауға бәрiмiз кiрiсейiк. Қазақ халқы тiлi, дiнi жақсы болуына, көбейуiне сенейiк.


Шолпан ОЙЛАН

ЖАНЫМ СЕНІМЕН БІРГЕ…

ҰЛТЫҢА ҰЛ БОЛУ- ҰЛЫЛЫҚ

«Ұлы ақынға толық мағынасында ұлттық болудан артық абыройлы нәрсе жоқ, ұлттық болмайынша, ол ұлы адам бола алмайды. Ал ұлы адамдарға келсек, олардың көпшiлiгi — өз елiнiң ұлы. Оның ұлы болуының шарты — өз халқының өкiлi бола бiлуiнде…».
«Белгiлi бiр замандағы белгiлi бiр халықтың ақыны болғандықтан, ол өз заманының, өз халқының ұлы болды… өз заманының дәрежесiнде болды…».
А.С.Пушкиннiң орыс өмiрiндегi орны һәм оның поэзиясының тарихи мәнi туралы осы екi пiкiрдiң алғашқысы В.Г.Белинскийдiкi де, соңғысын айтқан — Н.А.Добролюбов. Бұлардан түйер тұжырым: ұлылық дегенiңiз — ұлтына ұл болу, яғни кез келген ұлттық ақын адамзат алдында өз халқының өкiлi, өз ел-жұртының Елшiсi ретiнде сөйлейдi екен. Ендеше: «Үмiт қып менен қарайсың, көңiлiңе медеу санайсың, балалыққа жарасам, аталыққа жарайсың!» — деп азаматтық арман-мұратын ақи-тақи айқындап алып, қазақтың басқа жұрттармен қатар тұрмай, азап-бейнет қасында — «ұйқысы көп, ояуы аз» халде тұрғанына қайран ақын жүрегi қан жылай келiп:
Басқалар жоғын тапқанда,
Бiздер қайтiп қаламыз?!.
Тепкiсiнде басқаның
Қор боп жүдеп барамыз.
Көрiне көзге азапта
Мәңгi қайтiп қалалық?!
Ойыңды ендi азат қыл,
Қалсын былай балалық! —
деп қайсар қайратқа мiнiп, «әдiлет қызметкерi» болмаққа шындықтың ауылын iздеп» шыққан он алтыға әлi толмаған жап-жас жiгiттi Алаштың ардақтысы, ұлттық ар-намыс жоқшысы демей, кiм деймiз?! «Қараңғы қазақ көгiне Күн болуды» көксеген «Шәкiрт ойын» жазғанда ол жиырма бiр жаста едi.
Шығамын, тiрi болсам, адам болып,
Жүрмеймiн бұл жаһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмiр сүрiп надан болып?!

Мен — балаң жарық күннен сәуле қуған,
Алуға күндi барып белдi буған.
Жұлдыз болып көрмеймiн елдiң бетiн,
Болмасам толған айдай балқып туған! —
 

АЙТЫС
(Үзiндi)
(Қала ақыны мен дала ақынының айтысқаны)

 

Дала ақыны:
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға алаш деген атты аламын.
Сүйгенiм қазақ өмiрi, өзiм қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!.

…Ер түрiк ұрпағымын даңқы кеткен,
Бiр кезде Европаңды тiтiреткен.
Кiргенi есiк, шыққаны тесiк болып,
Күнбатыс, Күншығысқа әмiрi жеткен.
Кешегi хан Шыңғыстың ұрпағына
Талай царь, талай князь тәжiм еткен.

Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға алаш деген атты аламын.
Сүйгенiм қазақ өмiрi, өзiм қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!.

Қала ақыны:
Сендей ме, ел болатын елдiң түрi,
Айтасың өтiп кеткен бұрынғыны.
«Ел едiм, ел боламын» дей алатын,
Бишара-ау, не жайың бар осы күнi?

…Бiрiншi – ел болуға намыс керек,
Мал-жанды намыс үшiн салыс керек.
«Қорланып өмiр сүрген тiршiлiктен
өлгенiм артық» деген наныс керек.

Жоқ, сенде мұндай намыс көптен өлген,
Бабаңды тұрғызбасаң қайта көрден.
Қорласа, дүрелесе, басқа тепсе,
«Тақсырдан» басқа сөз жоқ, қазақ көнген.
Қызын бассын, малына құрық салсын,
Қазақ жоқ намыс қылып құрбан берген.

Не қылсаң да көнедi – тiрi қойсаң,
Бүгiн саған разы – ертең сойсаң.
Өз басы аман болса, ара түспес,
Маған салса, маңайын қырып-жойсаң.

Намыссыз, өлi сүйек, сен қорқақ құл,
Ел болам деп елiрiп айтасың құр.
Елдiк деп аузыңды созатындай,
Байқашы, далам, сенде не сиық тұр?

…Тiптi жоқ мұндай бiрлiк, қайда сенде?
Қарашы, мойын бұрып, қырдағы елге.
Партия, алыс-жұлыс, барымта, ұрлық,
Жеймiн деп бiрiн бiрi, түскен терге.

Бiр-бiрiн мұқатпаққа айла тапқан,
Далақтап қала жаққа күнде шапқан.
Жала сап жақынына, «кел, бiтiр» деп,
Қаламды тыншытпайды қарап жатқан.

Атқамiнер бiрiмен бiреуi қас,
Бiрiне бiрi сенiп айтпайды рас.
Бiрiнен бiрi бұрын жағынбаққа,
Қаламның ұлығынан дүние аямас.
Бөркiн алып, арызы қолдарында,
Күнде келiп ұлыққа қоймай ма бас?

Ақсақалың бiрiне-бiрi көнбей,
Жұмыс бiтпес қаладан қылыш көрмей.
Бiрлiк қып, бiр ауызға қарау тұрсын,
Жүрсе сол бiрiн-бiрi күндеп, өлмей.

«Қазақты жарытпайды қазақ билеп»,
Есiттiм, талай қазақ айтты сүйдеп.
Билесе, бәрi жабыла билемекшi,
Болмаса, қалғанының iшi күймек.

…Тiкбақай, көбi ел жегiш, бұзылғандар,
Болмаса бiрен-саран, бiрлi-жарым.
Шашты қайырып, шүлдiрлеп, төресiнiп,
Мақтануға оқыған, бiзге мәлiм.
«Читаю, писаюды» бiлгендердiң
Қазаққа көрiп жүрмiн не қылғанын.

Қазаққа көбi соның жаттан жаман,
Қырдағы тоңмойыннан олар надан.
Қырдағы мойнына алар бiлмейтiнiн,
Оларша жоқ өзiндей бiлгiш адам.
Жақын тартып, қасына қазақ барса,
«Басындың» деп, болады бұлан-талан.

Болса дағы қолынан түк iс келмес,
Ешқандай «төрелiктен» отказ бермес.
«Пәлен сондай орында» дегенге мәз,
Бұл мiнiн кiм көрсе, оған дос боп ермес.

…Сөйлесiп орыстармен жып-жып етсе,
Прошение жазуға күшi жетсе,
Қазақтар босағада тұрғанында,
Ол анау төре отырған үйге кетсе,
Өштескен қазақтарын, рет тауып,
Орысқа бiр-екi рет тепкiлетсе, —

Далаңша: өнерлi жоқ сонан асқан,
Ол – бiлгiш, ол – жетiлген, ол – данышпан!
Сол төрдегi қазақты ел болад деп,
Қалайынша ойлайсың, миы қашқан?!

Iсiң жоқ ел болуға лайықты,
Күнә өзiңде, мұныңа кiм айыпты?
Оңай олжа болмайтын бiр сиқың жоқ,
Байқайтын болса егер бiр байыпты.

Лайық ел болуға iсiң бар ма?
Намыс, ғылым, ынтымақ, күшiң бар ма?..

Бұл күнде далаң ауру, ем iздемей,
Баяғы сау заманын жатыр әндеп.
Далаңда мақтар нәрсең аз қалғанын
Бiр-бiрлеп түсiрейiн саған дәлдеп.

Бiрiншiге жауап

Жерiң жоқ сонша сәндеп мақтайтұғын,
Денi қырат соқа, шот батпайтұғын…
Суы қашық, шөл жерлер тағы аз емес
Бiр атқа бiр жұтым су таппайтұғын…

Кедей боп құруыңа елден ерек,
Түбiнде, мен айтайын, жерiң себеп.
Ағашты, шымды жер аз Сарыарқаңда,
Оның өзiн жат елдер алса керек.

Дәлел жоқ жерiңдi онша мақтайтұғын,
Әлде оның кеңдiгi ме мақтайтының?
Ендеше, ұқтырайын Сарыарқаның
Кең болып ел көшiрiп жатпайтынын:

Адам өспек, мал өспек жыл-жыл сайын,
Сондықтан жер тар аймақ бiзге дайын.
Жан мен мал өскендiктен жер тарайып,
Жұрт жиылып, кетiрер далаң жайын.

Жер iздер, жерге сыймай өскен елдер,
Оларға «сыйғаныңша» далаң «кел» дер.
«Кел» дегенi емес пе – қорқар жан жоқ,
Қарсыласпай, қашатын аңдар сендер…

1919 ж

САБАҚ…

Қалжыңның қадірін қашырмайық
Қазақта өзара қалжыңы жарасатын, бір-біріне ол үшін өкпелей алмайтын адамдар болады, олардың нағашы-жиен, жезде-балдыз, жеңге-қайны және бір жылдың төлдері – құрдастар екенін әрбір қазақ біледі. Әзіл-қалжың адамның тәрбиесін көрсетеді, тапқырлық пен ұтқырлықты ғана емес, білімділікті де талап етеді. Бұл жайында да атам қазақ «…жүйесіз сөз иесін табады» деп шешім шығарған.
Мақала толығымен