ҚОЙ МЕН ҚАСҚЫР

Өрісте  бір арық қой  жалғыз  қалыпты. Қалың шілік  арасынан шыққан қасқыр  жалпақ  даланы  аралап келе жатып, әлгі  қойға  тап  болады. Қуанып кетіп:

          Еее, жерік асым, қайдан жүрсің? Іздеп  таба алмаушы  едім. Бұйырған  асым  екенсің, аузыма өзің  келіп түсіп тұрсың. Енді  асықпай бір тояйын, – дейді.

          Ажалым жетсе, амал бар ма? – дейді қой  мұңайып.

          Бірақ өзің де мал танығыш едің ғой, қарашы түріме. Аузың толар етім жоқ, тұла бойым шандыр. Мені қайтесің, босат. Қойға барып, қозымды әкеліп берейін.

Қозының  былқылдақ жұмсақ  етіне  қызыққан  қасқыр әлгі  арық қойды  босатып жібереді. Қой отарға қарай зыта жөнеледі.

Қасқыр жұтынып  қойып, қойды  ұзақ  күтеді. Сонан  соң: «Қой баласы момын, аңқау болушы еді. Сірә, оны  ешкі  сұм аздырған  шығар, барып көрейін», – деп,  жорта  жөнеледі.

Бір белеске шығып, жан-жағына   көз салса, қарсы алдында  бір ешкі  жүр екен.

          Сені  іздеп келіп едім, – деп, қасқыр ешкіні бас салады.

          Атаң да, анаң да, жақсы кісі еді, – дейді ешкі  жалбарынып.

–    Қой тұрғанда, мені қайтесің? Одан да  мен билеп, сенің көңіліңді  көтерейін.

          Ондай өнерің болса, көрсет қане, – дейді қасқыр.

          Онда босат  мені, – дейді ешкі  лепіріп. Қасқыр  босатып жібереді. Ешкі  биік  бір тасқа шығып алады.

Қасқыр:

          Қане, биле енді! – дейді. Ешкі  айласЫн асыра  түседі:

          Ендеше менің аяғымнан көз алмай   қара да тұр.

Ешкі  секіре-секіре тастан-тасқа шығып кетеді. Қасқыр ешкінің  аяғынан  көз алмай отыра  береді. Сол арада  қойшы  келіп қалып, қасқырды қуа жөнеліпті

ЕРТӨСТІК

НӘРЕСТЕ ТӘРБИЕСІ

Шомылдыру тәсілі

Жас нәрестені шомылдыру тұрақты түрде атқарылатын аса маңызды іс. Ол үшін ең алдымен баланы шомылдыруға қажетті нәрселерді алдын ала дайындап алыңыз. Есіңізде болсын шомылдырар сәттегі көңіл күйіңіз де балаға қатты әсер ететіні есіңізде болсын. Ең бастысы жас нәрестені шомылдыруға қажетті заттарды дайындағанда төмендегідей мәселелерге айрықша мән берген жөн.
Баланы жұмсақ заттан (пластмасса) жасалған, қабырғасы тапал, тайыз легенге (ванна) шомылдырған жөн. Леген мен шомылдыратын суды әзірлегенше бала тоңып қалмас үшін арнайы сүлгіге (купальное полотенца) немесе күләпарасы бар арнайы халатқа орап ұстау қажет. Баланың жалпы денесін және басын сүртетін орамал бөлек бөлек, әрі мамықтай жұмсақ болуы керек. Денені сабындағанда табиғи ысқышты (губка) қолдану керек. Мұндай ысқыш жұмсақ, әрі ыстық суға салып дизенфекциялауға да өте қолайлы. Шомылдыру барысында міндетті түрде жас нәрестелерге арналған сабын көпіршегі мен сусабынды (шампунь) пайдаланыңыз. Баланы шомылдырғанда жыламас үшін түрлі пластмасса ойыншықтарды суға салып, қолына беріп, алдандырудың да ретін таба біліңіз.
Баланың шашын тарайтын тарақтың, тырнағын алатын қайшы жүзінің доғал болуын қатаң қадағалаңыз. Беті қолын жуып шаюға пластмассадан жасалған тегеш тәріздес шағын ыдысты пайдаланыңыз. Су температурасының 22 – 25 С тан төмен болмауына айрықша мән беру қажет. Ең бастысы жел тиюден сақтаныңыз.
Шомылдырып болғаннан кейін баланы ылғалды жылдам сіңіретін орамал немесе жамылғыға орап, бірден жатқызу керек. Жас нәрестенің киімдері мен сүртінген орамалын басқа нәрселерге қоспай бөлек жуу керек.

АҚЫЛ, ҒЫЛЫМ, БАҚЫТ

Бір күні,  Ақыл, Ғылым, Бақыт  үшеуі  бір бірінен артықшылығын  салыстырып таласып  сарапқа  түсіпті. Сарапшылар  оларға  былай депті:           

  Бірінші  Бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды  таңдамай  қонасың, қонғаныңды  ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні  лақтырып тастап кетесің. Ақылмен  тізе қос, сонда көп жасайсың, – депті.            

Екінші Ғылымға: дүниеде  сенен  күшті нәрсе жоқ,  қара тасты  қайнатасың, дүние жүзін  жайнатасың,  сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсың, бар ғаламды  өзіңе  бағындырғың келеді, бағынбағанды демде  әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен  бірік, сонда абыроймен  ұзақ жасайсың, – депті.           

Үшінші Ақылға : дүниеде  адамзатқа   сенен артық  дос жоқ,  бірақ Ашу үстіңе кіріп  келгенде, орныңды  беріп шығасың да кетесің. Ашу  бүлдіріп бүлдіріп кеткен соң,  кіресің де  Ашудың  бүлдіргенін  оңдайсың.   Әуелден  орныңнан  тұрмай отырсаң, Ашу сенің  үстіңе  кірмеген болар еді.            

– Барыңдар, Ақыл,  сен адам бол.  Ғалым, сен ат бол, Бақыт,сен қамшы бол. Үшеуің біріксең ешбір мұң мұқтаждарың болмайды, – депті.  

ЖЕТІМГЕ ҚОЛ ҰШЫН БЕРСЕК


Ирак Елекеев, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, «Сот орындаушылары одағы» республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы: 77 депутатқа бір-бір бала асырап алуды ұсындым… бірде-біреуі алмады
Мақала толығымен

ҚАРҒА МЕН КІРПІ

Баяғыда  Сүлеймен  деген патша  кірпі  мен қарғаға  былай деп  бұйрық береді:           

Сен қарға, бір күнде  жер дүниені аралап,  бір жақсы сайрайтын   құс тап. Ол құсты менің бас жағыма әкеліп отырғыз. Таң атқанда   ол құс мені  сайраған  даусымен  оятсын. Ал, сен, кірпі, барып жердің жүзін  тінтіп,  бір жұмсақ  нәрсе тап. Ол нәрсені  әкеліп дәл менің  жастығымның үстіне,  бетіме  тақау қой. Құстың сайрағанымен  оянған кезде,  бетім  сол жұмсақ нәрсеге тисін!            

Қарға  дамыл  таппай, көп жерді  аралап,  көп құстың  сайрағаны  ұнамайды. Мұның  ойлауынша  бұлбұл  және  басқа құстар жаман  сайрайтын  болып  көрінеді. Дауысы  жақсы  құс таба алмай, қарға  сорлы  қайғырады. «Енді маған өлім келді ғой!»  деп, таң мезгілінде  шаршап шалдыққан қарға ұясына қайтады. Анасын көрген  соң балапандары  қарқылдай бастайды. Бұлардың қарқылдағаны қарғаға сондай әдемі, сондай нәзік көрінеді. Бұлардың  қасында  бұлбұл және  басқа  құстар әлдеқайда  жаман  сайрайтын  боп көрінеді.  Қарға  қуанып, балапандарын  Сүлейменге  әкеліп,  бас жағынан ұя салып,  соған  отырғызады.            

Кірпі де дамыл таппай,  жердің  жүзін  кезіп,  жұмсақ  нәрсе іздейді, бірақ еш жерден таба алмайды. Бұл да жалығып, арып ашып үңгіріне  қайтып келеді.  Анасын  көрген соң, балалары  алдынан  шығып,  құшақтайды.  Кірпі  де  құшақтайды. Кірпіге  балаларының  денесі сондай  жұмсақ боп сезіледі.  Сонда  ол жер  бетінде  менің  балаларымнан жұмсақ  еш нәрсе болмас деп ойлайды  да, балаларын  Сүлейменнің сарайына  алып барып,  жастығының  үстіне  жатқызып  қояды.           

Таң атады. Қарғаның  балапандары қарқылдай бастайды. Сүлеймен оянып, оларға  қарай бергенде, мұның  бетіне кірпі  балаларының  түрпі  тікендері  қадала  кетеді.  Қараса,  қарғаның  балапандары мен кірпінің  балалары екен.            

Сүлеймен  ашуланып,  қарға мен кірпіні  шақыртып  алып, жендеттеріне  бұлардың  басын  кесуге  бұйырады. Жазалы болған қарға мен кірпі:

– Дат,тақсыр!..,  – дейді.

Сүлеймен:

– Айт датыңды!  – дейді.

Жазалы  екеуі  өздері  істеген  істің  бәрін  бастан аяқ  баян етеді.

Сонан соң Сүлеймен: 

– Әркімге өзінің   баласынан  артық  көретіні  жоқ  екен ғой. Баласы   өзіне  балдан  тәтті, оттан  ыстық,  күннен жарық, мамықтан да жұмсақ екен ғой, – деп  қарға мен кірпіні  жазадан  босатып  жіберіпті.