Кейбір сөздер…

Әйел парсы тілінен алғанда әййәл «сайқал» деген мағына білдіреді.

Қатын араб тілінде хатун «таң нұры», ал парсы тілінде  қатун «түнгі ләззаты».

Мақат Атырау облысы Мақат ауданы, сөйтсе аюдің еркегін мақат дейді екен.

Құртқа Қобыланды батырдың жарының есімі. Құртқа қасқырдың қаншығын айтады.

Күбік мысықтың еркегін айтса, ұрғашысын  мырсын дейді.

Зәңгі  негр дегені.

Сарт тәжік халқын айтады. 

Естек башқұрт халқы.

Advertisements

33 жауап

  1. парсы тіліндегі кейбір сөздерге «жынды» бов атрм дачы…

  2. Зәңгіні біледі екенмін. Сосын зәңгі деп баспалдақты да айтады, жарға сүйеп шығатын…
    Ал сарт деп, біздер хорезм өзбектерді айтушы едік. Тәжік дегеніңіз маған жаңалық болды. Рахмет.

  3. сайқал-?! ?!
    ммм-таң нұры! түн ләззаты!
    мақат- еркегі. ……..-ұрғашысы?
    құртқа-қаншығы, құрт-еркегі-?
    күбік- еркегі, мұрсын-ұрғашысы, ……..-баласы.
    зәңгі-негр, ……..- негр емес?

  4. Техносындырғыш сол ғой өзбектерге сарт десең долданатын себебі өздерін тәжіктен жоғары қояды. Ал сарт десең бітті. Ашудан үйді қиратуға барады. Өзбектің осал жері сарт сөзі.

    Сакенс аюдың ұрғашысы кірекей дейді.
    қасқырдың еркегі көкжал немесе арлан.
    мысықтың баласын марғау дейді.
    білмейді екем 🙂 Негр емес дейтін болар.

  5. Zangi degen chatirding tobesine minetin narse emespe?

  6. жауапты тез бердің ғо!
    қасқырдың бөрі дегені не болғаны сонда.
    ана башқұрттардың да қасқырларға қатысы бар-ау сірә.
    қазақтар, негр еместер. бірақ апамның бір баласы жаз шықса қап-қара болып күйіп кетед. негр еместеп айтуға келе қоймас сол ақМәлік.

  7. osy kara kyzdyn shygarmaityny jok eken 🙂

  8. сарт дегенді мен де өзбек деп ойлайтынмын, Түркістан уалаятында сарттар, қырғыздар/қазақтар деп жазатын.
    ал сайқал дегеніңіз өте қызық екен :)))

  9. қай тілде екені есімде емес, ұққаным қатыным деген сөз мәртебелім дегенді білдіреді екен

  10. Негізі қатын деген сөз мәртебелі, бірақ қазақта керісінше қыршылатып, тілінің қышуын қандыруын үшін дөрекілеп тұрып айтады. Негізі мағынасы жақсы. Хатунның дәрежесін берсін деп тілейді ғой.

  11. Бізде көбіне әйел сөзі қолданылады ғой, қатын сөзін сирек айтылады. Сонда негізінен қай сөзді айтып жүрген дұрыс болады?

  12. Сарттар жайлы солай.деде жақсы жазыпты. Олар яғни бір орында былығып отыра беретіндерді айтыпты. Қазақтар көшіп-қонып жүргендіктен бұл атқа ие емес. “Сарт” деп бірінші ұйғырлар атанған екен деп оқыдым.

  13. «Қатын» сөзі қазіргі күнде әйелдік намысқа нұқсан түсіруші сөз ретінде танылып келеді..Себебі, кеңестік дәуірде, әйел мен еркек теңдігі саясатында,идеология осы «қатын» сөзін еркектің әйел затына деген өктемдігінің бір символы қылып көрсеткен..Бара бара, жадсынатын, құлаққа түрпідей тиетін, дөрекі сөзге айналған…

  14. Жаңа жазу жазылғанда мына сөз шығады екен. «Сіздің пікіріңіз жөндеуді күтуде»..Бұл қате..Себебі жаңа жазылған пікір «жөндеуді күтпейді», блог авторы тарапындан «мақұлдануды күтеді» …

    Бұны түзеотк керек екен..вордпреске жазу керек..

  15. Katyn desem renjiysinder. endi renjimender katyndar 🙂
    endi otirmakta «Jigitter men Katyndar» dep aytatin boldik pa ?

    men Makat audaninda turamin. ol magan janalik emes.
    ayudin erkegi degenin kizik eken. bizdin audannin ati osidan shikpagan siyakti.

  16. «Сарт» деп қазақ Өзбек пен Ұйғырды айтады. «Есек мінген сартта көп» деген сол. Ұйғырдың түрі көп қой. «Сарт» деп Тұрпан, Хотан, Қашғар ұйғырларын айтады. Өзбектің де түрі көп -олар әр басқа тілдерде сөйлейді. «Сарт» деп Хорезм, Бұқара, Ферғана, Самарканд өзбектерін айтады. Хиуа өзбектері мен Қыпшақ-өзбектерді сарт деп атамайды.

    «Қатын» деп қазақ әйелдің бәрін айтпайды. Тек өзінің әйелін айтады. Басқа әйелге «қатын» деп айтпайды.

    Неге екені ұзақ әңгіме. Қысқасы осыларды осылай атайды.

  17. Баяғыда «Ұлан» газетінен ғой деймін оқығаным бар еді, мысықтың баласын «мәулен» дейді дегенді. Әлде қателесіп отыр ма екенмін?

  18. Қатын сөзі арабтан емес, бұл өзіміздің төл сөзіміз (көне түркілік тілде – қатұн).

  19. Естек деген сөзді башқұрт бауырларымызға арнау ерсі екен. Естек деп күзде жыныс қатынас жағынан ызаланып кеткен айғырларды атайтын. Адам болса, ауызынан сілекейі ағып есуас адамды айтатын.

  20. Негр -зәңгі ?!
    Дұрысында негр – «зіңіж» араб тіліндегі «зиндж» – оңтүстік дегеннен кірген. Мысалы, «зинджантроп» – адамзат парасаты дамуындағы бір сатындағы мешін-адам «оңтүстік адам» мағынасын береді.

  21. әйел – арап тілінен келсе керек, аал деген отбасы, аййил деген нәпақасы басқаға байланысты жанға айтылады-ау.

  22. Сәкенске.

    Бөрі, арлан деп қасқырдың «атаманын» айтады деп естимін.

  23. Мақат деген мен үшін жаңалық болды. Ауылымызда Мақат деген кісі бар еді.
    Құртқа – әбден мүмкін. Түріктерде қасқырды «құрт» дейді. Мысықтың өз атын былай қойып, еркегін «күбік», ұрғашысын «мырсын» дегені несі екен ә?
    Сартты әбизәтелні ұйғыр, өзбек, тәжік емес, қалада тұрған, отырықшы халық деп түсініп келіппін.

  24. Мысықтың баласын «марғау» демейтін бе еді?:)

  25. Кстати, моя мама в совершенстве знает арабский язык, дома есть некоторые пособия, да и в интернете электронных книг не мало.

    Айтпақшы, әбден жетiлудегi менiң мамам арабша, үйдi бiледi кейбiр оқу құралдары бар, және де электрондық кiтаптардың интернетi аз емес.

  26. Ұлпан сөзінің мағынасы

  27. Мен бала кезімде әжем бір атамызды ол кісі зәңгі болған деп отыратын еді, қазақта зәңгі бір белсенді адамдар туралы да айтатын болу керек. Зәңгі абызға жақындау сөз болуы мүмкін. Негрді зәңгі дейтінін бірінші естіп отырмын.

  28. P.S. Және біз жақта ұйғырларды сартпен қоса «шоқай» деп те атайды.

  29. Кім айтты саған әйел сайқал деп Әйел созі еш аудармасы жоқ қазақтын бертін келе шыққан сөзі мәдени түрде қолданылатын. Әйелді әйел сөзі мәртебелей түседі керісінше Ал қатын ол күйеуінің ғана әйеліне айтатын тиеселі сөзі Бұл сөз ата баба заманынан келе жатқан сөз. Әйелді кез келген қатын деп айта алмайды. Әйелге нәзік сөз ғана жарасады

    • Әйел – көнетүрікше аай – айту (жасау), ил -әлем яғни әлемді жасаушы. Біздердің ел деп жүргенініміз де негізінде көнетүрікше әлем деген мағына барген. Л. Гумилевтың еңбектерінен қараңыз.

  30. томирис созинин казакша магынасын айтыныздарш.

  31. Ұлпан деген сөздің мағынасы қандай?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: