Тілашар /тәрбие дәстүрі/

Тілашар (дәстүр). Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы жеті жасқа толған соң медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той жасайды. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды, «ғалым бол», «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп, бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағамдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын-жуық адамдар баланың ата-анасына құтты болсын айтып, балаға сәт-сапар тілейді.

Осыны жаза отырып, өзімнің алғаш мектепке барғаным есіме түсті. Алғашқы парта, алғашқы ұстаз, алғашқы ер баланың қасына отыру, сол отырумен он біржылдық мектепті де бітірдік. Мектепке бару мен үшін өте абырой, мерей еді. Мектеп қабырғасын уақыт келе қатты сағынады екен.

About these ads

3 жауап

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

%d bloggers like this: