Адам  сирақ  аты адам – заты  айуан, адам кейіпті, екі аяқты дүние қоңыз, хайуан деген  сықылды  балағаттау мағынасында айтылады.

Көзіме  көрінбе, дүниеқор,  адам сирақ (М.Ә.)  

Адыра талқан  қылды  – бұзды, быт шыт қылды; бүлік салды, күл талқан  етті.

Біреудің  қуаныш  тойы еді, Адыра талқан қылды. (ҚЖ.) 

Ажалды киік адырға   бәле түртіп, жаманшылыққа бастау туралы  айтылады.   

Ажары өтпеді   сөзін сыйламады, қадірлемеді;  

Ай арасы толас болады – екі ай  аралығындағы  жауын-шашынсыз,  саябыр кезең туралы  айтылады.

Ай балтаның  сабындай – жұп-жұмыр, үзілмелі  білекті.

Білегінің  шырайы,Айбалтаның сабындай.(ҚЖ.) 

Айбар мүйізді – құдіретті, сұсты, қорғаныш болар, сүйеу болар деген мағынада.

Құландай ащы  дауыстым,

Құлжадай  айбар мүйіздім,

Қырмызыдай  ажарлым,

Хиуадай базарлым,

Теңіздей терең ақылдым!(М.Ө.)  

Айға шапты – жай далбаса болды, қол жетпеске ұмтылып, босқа далақтады.  

Айғырдан шыққан бие – құрсағына жаңа  ғана құлын біткен, тоқтаған бие.

Айғырдан шыққан биені, ауыр жұмысқа салып, қинауға болмайды (С.К.)

АҚЫЛ, ҒЫЛЫМ, БАҚЫТ

Бір күні,  Ақыл, Ғылым, Бақыт  үшеуі  бір бірінен артықшылығын  салыстырып таласып  сарапқа  түсіпті. Сарапшылар  оларға  былай депті:           

  Бірінші  Бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды  таңдамай  қонасың, қонғаныңды  ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні  лақтырып тастап кетесің. Ақылмен  тізе қос, сонда көп жасайсың, – депті.            

Екінші Ғылымға: дүниеде  сенен  күшті нәрсе жоқ,  қара тасты  қайнатасың, дүние жүзін  жайнатасың,  сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсың, бар ғаламды  өзіңе  бағындырғың келеді, бағынбағанды демде  әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен  бірік, сонда абыроймен  ұзақ жасайсың, – депті.           

Үшінші Ақылға : дүниеде  адамзатқа   сенен артық  дос жоқ,  бірақ Ашу үстіңе кіріп  келгенде, орныңды  беріп шығасың да кетесің. Ашу  бүлдіріп бүлдіріп кеткен соң,  кіресің де  Ашудың  бүлдіргенін  оңдайсың.   Әуелден  орныңнан  тұрмай отырсаң, Ашу сенің  үстіңе  кірмеген болар еді.            

– Барыңдар, Ақыл,  сен адам бол.  Ғалым, сен ат бол, Бақыт,сен қамшы бол. Үшеуің біріксең ешбір мұң мұқтаждарың болмайды, – депті.  

ЖЕТІМГЕ ҚОЛ ҰШЫН БЕРСЕК


Ирак Елекеев, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, «Сот орындаушылары одағы» республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы: 77 депутатқа бір-бір бала асырап алуды ұсындым… бірде-біреуі алмады
Мақала толығымен

МӘСЕЛЕ

Қазақтың «сотталған» 300 әні ақталып болды ма?
Қағаз бетіне түсірмей-ақ, іштей пісіп, Алтайдан Атырауға, Жетісудан Арқаға көшкен кең тынысты дәстүрлі қазақ әндерінің көпшілігі қиянатты бастан кешкен деген жанайқай осыдан 20 жыл бұрын әнші Жәнібек Кәрменовтің аузымен айтылып еді. Халық композиторларының өрмек тоқығандай бірде-бір тінін үзбестен тартып отырып өрген дәстүрлі әндердің көпшілігі кеңестік идеологияның өткір кездігімен туралып, сетіней сөгіліп, белден басқан бұрмалаушылыққа тап болған.
Мақала толығымен