Мен ғой :)

p1.jpg
Аты-жөнім: Анар АЛИБАЕВА
Туған жылым: 18/05/1983
Бұрынғы мекенім: Атырау облысы, Мақат ауданы, Промский Ескене ауылы.
Қазіргі мекенім: Марс пен Жер арасы интернет ауылында.
Орта білім: Дарынды балаларға арналған әскери білімді терең оқытылатын мектеп.
ЖОО: Шымкент қаласында бітірдім.
Мамандығы: араб тілі және филолог.
Жеке мінезі: алдымнан келгенді тістеп, артымнан келгенді тебетін жанмын.
Өнерім: алтыншы сыныптан бастап төрт жыл спорт мектебінде оқыдым. Дзю-до және самбо күрестерінен екі рет Облыс чемпионы, Бір жыл Шымкентте каратэ-доға қатыстым, төрт ай кунг-фуға қатысып, соңғы ұстазым қытайға кеткесін спортты қойып кеттім. Кішкене билей аламын. Кейіпкердің образын сомдау, есалаң, кемпір-шал, немесе тентек қыздар рөлдерін жақсы көремін. 🙂
Қолымнан келмейтіні: тамақ пісіру, кір жуу, үй жинау, тоқыма тоқу, пішіп тігу дегендерден мақрұммын.
Қызығатыным: жылқы малы, (ат тұқымдарының суретін жинау), шахмат ойнау, үстел теннисі, музыка, әр елдің төл мәдениеті, коньки, тауға шығу (альпинист болмағаным ай) 😦
Орындалмас арман:  ғарышқа ұшу,
Орындалар арман: екі үлкен мақсат.
Бес деген бағаларым: қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, адам және құқық, химия, дене тәрбиесі, қалғандары сылдыр үшке толы.
Блогты бастаудағы мақсат:
тілім болса мен тірімін, тірі адам тіршілігін жасайды.
тілім өлсе мен өлікпін, тілі жоқ мылқау нені асайды.
Кері хабарласу: anaraalibayeva1 Атgmail.com

Advertisements

58 жауап

  1. алдымнан келгенді тістеп, артымнан келгенді тебетін жанмын…
    Қорқамын… Алайда сақтардың қолбасшысына тән мінез екен 🙂

  2. Жүз шақырым қашық тұрсаңыз да қорқамын депсіз 🙂 Ол менің тума мінезім болса…

  3. Cалем! Томирис! Блогын кызыкты екен! Мен коп маглумат алып калдым! Мен казактын салт дастурлерин окып-билгенди парызым деп санаймын! Беташар тойы маглуматтар издеп жургенмин!

  4. Сәлем Нурия! Ұлтыңды танығың келсе, блогты аралағаның дұрыс деп ойлаймын. Аз да болса сізге көмегі тиіп жатса құба құп қой. Әлі де салт дәстүрлерін ілемін, сіздің сұранысыңыз да бар.

  5. Анар,
    Сенің блогың өте қызықты, әрі құнды мәліметтерге бай. Осындай біліміңмен тәрбиелік блог жасақтағаныңа өте қуаныштымын

  6. Aldingnan barmai!
    Artingnan kelmei!
    Janingda bolsam kaitesin???

  7. Жанымда болсаң егер сен, жамбаспен ығыстырып ығыстырып, жүрген жолыңнан жаңылыстырар едім 🙂

  8. Дзю-до degen kandai kures? Judo ma?

  9. Ия солай. Жапондардың ұлттық күресі ғой, бұл олимпиадаға енген спорттың бірі. Ал каратэ әлі енбеген. қазақша күреске сәл кейбір қимылдары ұқсайды.

  10. Arine judo-ni bilemin. Judo nege Дзю-до?

    Japonsha da halykaralyk tilde de judo яғни жүдо ghoi.. Senbesen japonsha biletin dostarynnan surap kor 😉

  11. Әңгіме сену сенбеу де емес.Енді жудо сөзі орыстың емлесіне жат болып келгесін дзю до атаған. Солай.

  12. Мен ғой деп жылқыны іліп қойғаныңыз бір түрлі екен.

  13. senbesen degen kaljin goi.. Yagni solai…

    Kop onerin bar eken… Oblystyk chempion ekenindi bilmeppin, respublikada bak synamadyn ba?

  14. tomiris десе, сөзіңді солай деп түйіндейтінің әсіресе ұнайды.
    сәттілік тілеймін пырағыңның қанаты талмасын.

  15. NOMAD жағдай қиын болып тұр, қайтейін енді ілгім ақ келген еді. Бірақ….солай болып тұр да.

    bakytnur көп өнер болғаны қайтейін, тамақ пісіре алмайтыным қиын болып тұр дәәә. Негізі білу міндет емес қой… Республикалық жарыстарға да шығып жүрдік. Гәккулеп мұрттай ұштым. Соңында тағы жарысқа барар кезде доқтордан өткенде спортты тастауға тура келді. Белге көп күш түсті дегесін. Бірден қойып кеттім.

    make рахмет аттың пырағы демекші осы жылқыдай ұшсам….

  16. Менде өзгелердің блогтарын аралау қызығушылығы пайда болуда. Осы блог деген қай жылдардан бері пайда болды екен а, мен неге білмегем?

  17. Келіп тұрыңыз муллакарим 🙂

  18. Tomiristin blogy kezinde livejournalda bastalip, keinnen osy jerge koshirilgen kazaksha blog bastaushylardyn aldyngylar 😀

  19. Ия көшпенділік ата кәсібіміз ғой.
    Сен айтпасаң вордпресс жарнамасы қазақ еліне кеңінен жайылмас еді… 🙂

  20. WordPress-te blog ashkandardyn algashkysy shygarsyn!

    Livejournalda kategoria kosu, pikir jazu biraz kiyin edi.. ..

  21. Қалайсын Анар? Сенеің сайтыңа тәнтімін! Қазақ қыздарының осындай сайттары көп болса екен! Егер көңілін қаласа менің де сайтыма жолығыр кет!
    auezovschool2.ucoz.kz

  22. Томирис, суретінізді ілмегенсіз бе, калай? Еш жерінен таба алмадым гой.

  23. Қуаныш рахмет, сайтыңа да бас сұғайын.

    Ал Кендебай өте мөте сұлу емеспін, шағын ғана эпизод: ауылдың қара қызы, шашы жалбыр, екі беті қызыл, еріндері шиедей, шаштары өрімдей домаланған қара қыз, екі көзі сығыр. Міне осылай 🙂

  24. Тома, блогын әдемі, айта берем қайта-қайта… Себебі мен де саған ұқсаймын ғой аздап болса да…. Орындалмас арманың орындалып, орындалар арманыңдағы екі мақсаттың тек жемісін көруіңе тілектеспін.

    Келсеңші Астанаға палуан құрбы,
    Шертерміз бір бас қосып алуан сырды.
    Өлеңмен сырласудан жалықпадым,
    Сенімен бөлісейін жазған жырды

  25. Сулулык бетте емес журекте гой. Суретті сулулыгынызды багалау ушін емес, жай, жузінізді коргім келгендіктен іздеген едім.
    Фотоны ілуге алі де кеш емес, ия?

  26. мен сені үлкен екен деп жүрсем 🙂
    менімен шамалас екенсің ғой.
    Мықты қыз екенің жазуларыңнан көрніп тұр.
    Енді жиі келіп тұатын болам…
    Блогың «жынды» екен дачы

  27. Айко келгеніңе рахмет, негізі сен өмірде бар қызсың ба, кейде еркектерше ұзыннан көсіліп қояғасын күмәнім көп екені рас. 🙂 Жынды күлдіртіп қоясың ғой, асау қызсың ау 🙂

  28. Томирис сиздин мына блогыныз оте кызыкты екен. Маган наурыз мейрамы алдында коп комеги тиип жатыр. курбым бир сайыска катысатын еди соган керекти материалдар алдым. РАХМЕТ Сизге.

  29. Томерис сенің-ақ күмәніңді сейілте алмадым-ау
    әсресе өмірде «бар» қызсың ба дегенің енді экшн 🙂 🙂 🙂 мә жатып қалдым ващесің дачы. Еркекке ұқсап не істеппін, жақтырмаған адамыма кетщварь айтатыным рас бірақ ондай-ондай хан қызында да болады ғой…
    Күлкі деген жақсы ғой, егер саған күлкі шақырып жатсам бақытты екенмін 🙂 өзімде көзімнен жас аққанша жатып қалатыным бар. «Асау» деген сөзіңді енді түсінбедім…

  30. Жоқ Айко екеуіміз кездесуіміз керек екен. Әйтпесе еркек пе жоқ қыз ба деп көп ойланып жүрермін. Ник қыз сияқты болғанмен де никтің артында қыз секілді әңгіме жазып жүрген жігітте болуы мүмкін дәә. Ал шынымен қыз болсаң, онда тентектігі бар еркін қыз деп баға берер едім. 🙂

  31. Батыр қыз екенсің! Енді қазақтыңатын шығаратын батырды дүниеге әкелуіңе тілектеспін!

  32. Сәлем,

    Екі қатең көзге түсті..Олардың біріншісі мынау: \

    «алтыншы сыныптан бастап төрт жыл спорт мектебіне кеттім.»

    Бұның дұрысы: алтыншы сыныптан бастап, төрт жыл спорт мектебінде оқыдым» болуы керек деп ойлаймын..

    Екіншісі: «космоспен ғарышқа ұшу», бұл жерде «космос» пен «ғарыш» екеуі бір сөз..»космос» орысша, «ғарыш» қазақша..Сенің жазғың келгені «Ракетамен ғарышқа ұшуға» ұқсас болуы керек шығар..:))

    Ісіңе сәттілік Томпыш..:))

  33. Рахмет қатемді түзеткен үшін. Мен жан жағыма алаңдап отырып асығыс жазатын әдетім бар едім. Ой пікірімді жазғанда сөздерім шашырап кетеді. сосын түсініксіздеу боп кетеді. :))

  34. менің де асығыс жазып отырып, екінші қайтара оқымай жариялап жіберетінім бар. Кей кездері қаралай жазу ретінде сақтап қойып, кейін оқып шығу да көмектеседі. Блогыңнан жаңа дүниелер күтемін.

  35. tomiris, jana kurgan otauin berik bolsin!

  36. Сәлем Анар! Өте жақсы сайт! Осылай жалғастыра бер. Шынында қазақ қыздарына қайран қалам.

  37. Анар! Мен сенің аулыңа енді келдім!
    «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген халық даналығы ойыма келіп отыр. Құтты болсын! !!!!!!!!

  38. Томирис қайда екен а? Блогы наурыздан бері жаңаланбапты. Жылқы мінезді қайсар қызымыздың шорт сынғаны ма екен? Қайда жүрседе аман болсын әйтеуір!

  39. Классный сайт!

  40. Соңғы кездері Солай деушілердің форумына кіріп жүріп Сені де кездестіріп жүрмін. Томиристің аты реальды өмірде Тұмар шығар деп ойлап келгенмін. Анар, блогың ұнады. Бақыт тілеймін.

  41. Қап …мен кештеу кіріппін.
    Күнделігіңді шылау басып кетіпті.

  42. Өте жақсы екен, рахмет Томириске! қазақ тіліндегі Интернет көздері рас екенін білеміз, бірақ бар дүниенің өзін біле қоймаймыз талай ретте. Осы жерге кіргеніме өте қуаныштымын.
    Интернетте жүріп мына сайтқа да кезіктім. жалпы идеясы дұрыс, енді қолдап жіберсекте жаман болмас: http://www.kayranelim.ucoz.com

  43. Шымкентте қай ЖОО оқыдыңыз? Қазақ-түрік, ОҚМУ әлде қазақ-араб?

  44. Anar!
    keremet blog zhazgansyn,
    ali alda sattilik pen internettin ,komputerin synbai zhumys istesin dep tileimin!
    Ertegilerge rakhmet
    Aldar turaly kishkene kossan))

  45. Күштілікке сабырлылық, байсалдылық тән. Мен андаймын, мындаймын деу мінездің олқылығының, ақылдың тайыздығының белгісі. Ұстамды, сабырлы бол қарындасым. Бәрі бірдей білектің күшімен шешілмейді, Ұлы Рухтың жігеріне ғана тәуелді.

  46. I consider, that you are mistaken.
    I can prove it. Write to me in PM, we will discuss.

  47. а тут есть что почитать 🙂 так держать…не забрасывайте блог.

  48. Блог хороший, много хорошего материалла..уж извините что не по теме поста, просто очень понравилось у вас. рад что наткнулся на ваш ресурс.

  49. Баянистая тема..уже на куче блогов об этом пишут…Вы бы хоть пооригинальней это всё тогда завернули, чтоб читать интересно было. С уважением ваш читатель.

  50. Прикольный блог, жаль тормозит загрзка только..видимо хостинг не очень хороший

  51. Анар блгоыңыз жақсы екен.
    Томарис есте жоқ ерте заманда әиелдерді әсіресе біздің бабаларымыз сақтардың әиелдері қандай мықты екенін әлемге көрсете білген дана тұлға еді ғой,,,
    сіздің де блогыңыздан осы бір ерен тұлғалықты кутеміз,,,

  52. Томпан
    блогыңа менің сайтма да сілтеме қоя салсаңыз.

  53. керемет!!!!!!басын окып келе жатканда маган уксастыктарыныз бар екен деп кызыгып карап келе жаткам.артынан байкадым мен сал баскалай екенмин!!))))))мен тамак писируди,сонымен катар турли торт пирог писиргенди жаксы корем,, а былай сал минездеримиз уксайды,,менде алдымнан келгенді тістеп, артымнан келгенді тебетін жанмын…))))))))))))))))))

  54. 2008den kein iz tussiz jogalgan ba avtory??

  55. Сәлем. Томирис! Өзің туралы ақпаратың өте қызықты екен. Блогты жалғастырасыз ғой, иә?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: