Ақ кө… торғай секілді
Ұшып қонған, жеңілтек, шыжбалақ кісі

Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді
Сапасы жақсы, хош иісті шайдай көңіл жадырататын кісі.

Ақпан соқса өлмейтін, тоқпан соқса өлмейтін
Шыдамдылық, төзімділік туралы айтылады. 

Ақпар су
Ағын су

Ақ пен қызыл арасында
Күн ұясына кірген шақ

Ақ сазандай бұлықсыды
Сылаң қақты. Толған айдай толықсып,Ақ сазандай бұлықсып,Бұралып кетіп барады.(ҚЖ)

Ақсақты тыңдай, өтірікті шындай қылды
Жай жапсарын білдірмеді, жалғанның  қисынын келтірді.

Ақ [...]

А….

Айыл тұрман тағынды
Жол жүруге әбден дайындалды, сайланды.

Айылын жимады
Сескенбеді, жасқанбады, қымсынбады.

Айын аспанға шығарды
Көтермелеп, дәріптей  мақтап кетті.

Айын өткізді
Зәрулігін, керектігін таныту, жеткізу мағынасында айтылады.

Айып анжы берді
Айып төледі, айыбының төлемін өтеді.

Айып шамы жоқ
Ерсілігі, артықтығы, өрескелдігі жоқ.

Ақ бөкеннің таңындай
Күн шалмаған аппақ, ақ күмістей.

Ақ жолтай болды
Қадамы құтты, үнемі жолы болатын адам туралы  айтылады; келуі өзгеге  жақсылық болған  кісіге  айтылады.

Ақ [...]

1. Азасын өткерді  -  қайтыс болған кісіні  арулап  жөнелтті.
  2. Азу  шалды -  ұлғайды,  егде  тартты, қартайды.  Алғыр жас буындар  түгілі, азуын шалдырған  менің  көңліме  де мынау  оқуың қонып  жатыр. (М.А.)  
3. Азы мен тозы  -   қатарының  кемі,  ең нашары, жоқ жітігі. Ал ұтылсаң, ішер ас, киер  киімге  жарымайсың. Өз қатарыңның азы мен тозы  боласың. (Ә.Н.)
  4. Айдың [...]

Адам  сирақ  аты адам - заты  айуан, адам кейіпті, екі аяқты дүние қоңыз, хайуан деген  сықылды  балағаттау мағынасында айтылады.
Көзіме  көрінбе, дүниеқор,  адам сирақ (М.Ә.)  

Адыра талқан  қылды  - бұзды, быт шыт қылды; бүлік салды, күл талқан  етті.
Біреудің  қуаныш  тойы еді, Адыра талқан қылды. (ҚЖ.) 
Ажалды киік адырға  -  бәле түртіп, жаманшылыққа бастау туралы  айтылады.   
Ажары өтпеді  [...]

Адам жылқы мінезді – Осы жерде құбылмалы  деген мағынада айтылып тұр.

Адам  жылқы мінезді, аунаған соң, мінгенін ұмытады. (АТ). 

Адам сауды – біреуді олжалады, пайдаланды, алдап арбады

Қулық, саумақ көз сүзіп тіленіп, адам саумақ өнерсіз иттің ісі (Абай). 

Адам сирақ – Аты адам, заты айуан, адам кейіпті, екі аяқты  дүние  қоңыз,  хайуан деген  сықылды балағаттау  мағынасында айтылады. [...]

1. Құс тіл - жіңішке, кішкене.  
Нанды құс тіл етіп тура.
2. Өкпе - бауыр, жалы бар - әлі де күші бар, бір табан күші бар.
3. Түйе кекірік - қатты тойып кентенде, ерікісіз өрескел  шығатын кекірік.
4. Ұзақ сонар - созылған, бір біріне ұласқан.
Әйтеуір, құдай салды, мен көндім деген ұзақ сонар, қара [...]