ЕРУЛІК / Отбасы тұрмыс дәстүрі

Ерулік (салт). “… екі ауыл бір біріне  ерулік беріп, шақырысып араға  аяқ табақ қатысып қалды” (Ә.Нұрпейісов). Ауыл ортасына  жаңа үй көшіп келсе,  қоныстанса сол аылдың адамдары жаңа үйге  “ерулік” деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа  адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәні де бар. Мысалы жаңа көшіп келген үйде [...]

БӘСІРЕ /Тәрбие дәстүрі

Бәсіре (дәстүр). «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров). Бала  туған кезде немесе есі кіріп, оң солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепке барғанда атасы немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. [...]

БАСТАҢҒЫ /Тәрбие дәстүрі

Бастаңғы (салт).… Жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп  бас қосады.(К.Сегізбаев). Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі жастардың сол үйде ойын сауықта бас қосуы. Дәстүр бойынша бұған тиым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды.

БАЙҒАЗЫ / Тәрбие дәстүрі

Байғазы (дәстүр).Уа сатира сарбазы, Адырнаңа байғазы! (С.Әбілкәкімов).Байғазы  балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетн ақшалай, заттай сый.Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы» деп те атайды. Байғазы балалардың көңіл күйін көтеретін дәстүр.

БАЗАРЛЫҚ/Тәрбие дәстүрі

Базарлық (дәстүр). «Күйеуінің базарлығы екен ғой, деді Ақбала ішінен».
(Ә.Нұрпейісов). Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіші ретінде қабылданады.

ТҰСАУКЕСЕР/ Тәрбие дәстүрі

Тұсаукесер (салт).
Тұсауыңды кесейін,
Күрмеуіңді шешейін.
Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген [...]