Жазылған уақыты Қыркүйек 19, 2007 жазған tomiris
Ерте, ерте ертеде, қоян әркім артынан түсе берген соң, тым қатты ыза болыпты:
- «Мен әркімнен қорқа берсем керек, меннен ешкім қорықпайды. Бүйтіп жүргенше суға түсіп өлгенім жақсы», - депті.
Суға қарай жүгіріп келе жатқан мезгілде, өзін өзі өлтірмекші бопты. Сонда су бойында жатқан қойлар үркіп барып, басқа қойларды апалаң - топалаң үркіттіріп жібереді.
Сонда қоян [...]
Жазылған : Ертегі | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Шілде 19, 2007 жазған tomiris
Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Құйрығының жоқтығы оған бек қатты залал келтірген, өйткені жүрген ізін жасыра алмайды. Әрдайым түлкінің артына түсіп аңдып жүріпті. Бір күні қасқыр барып оның ініне кіреді. Егерде түлкі інінің басқа жағындағы аузынан шығып кетпесе өлтіріп тастар еді.
Әлден соң түлкі ағаш ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көреді. Ол [...]
Жазылған : Ертегі | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Шілде 12, 2007 жазған tomiris
Баяғы заманда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене – үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен. Үшеуі ойласып:
- Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп, бөліп алайық,- дейді.Түлкі бір жарды көріп:
- Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер, - деп, көлеңкені саялап, жатып алады.
Тасбақа байғұс жер тырналап, кене сорлы тарыны [...]
Жазылған : Ертегі | 1 пікір »
Жазылған уақыты Шілде 4, 2007 жазған tomiris
Өткен заманда бір саясатшы тор құрып қойса, торына кішкене бір торғай түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына ұстап үйіне апара жатса, торғай тілге келіп былай депті:
- Мен кішкене торғаймын, союға жарамаймын, қапасқа салсаң құсалықпен өлемін. Мені еркіме қоя бер, кең дүниеге жібер. Ақысына сізге екі ауыз ақыл айтайын, - депті.
- Кәне, ақылыңды айт, - депті адам.
- [...]
Жазылған : Ертегі | 1 пікір »
Жазылған уақыты Маусым 28, 2007 жазған tomiris
Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан мұнан жаман қорқып, қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңесін айтыпты:
- Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес, бірақ оған қылар еш айла жоқ. Оған [...]
Жазылған : Ертегі | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Маусым 22, 2007 жазған tomiris
Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:
- Ей, күшік, мен сені жеймін! - депті.
- Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, - депті күшік.
Қасқыр:
- Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, - депті.
Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап:
- Маған қарашы, менің көздерім, [...]
Жазылған : Ертегі | Пікірлер жоқ »