Ғалымдар янтарьдан жасалған әсемдік бұйымдарын шипалы деп есептейді. Янтарь көп ғасырлардан кейін тасқа айналған ежелгі қарағайдың шайыры. Бұл тастың құрамында ішкі ферменттердің жұмысын тұрақтандырып, зат алмасу процесін реттейтін белсенді биостимулятор янтарь қышқылы бар. Әсемдік бұйымдары денеге тигенде янтарь қышқылы тек зақымданған клеткалардағы токсиндерді кемітеді. Ол тамақ, қалқанша без, бауыр, бүйрек және буын ауруларына пайда келтіреді, алайда өзі ағзаға жиналмайды және оның ешқандай зияны жоқ. Янтарь қышқылының орнына тамаққа қарлыған (крыжовник), жүзім (виноград), рауғаш (ревень), шалқан (репа) қосу арқылы толтыруға болады.
Жазылған : қыз-келіншектерге кеңес
Янтарь ұғымының қазақшасы – кәріптас, сонда кәрптас қышқылы болады