Еріңіз басқаға көз салмас үшін…
Сұлу да нәзік қалпыңды ұзақ сақтаңыз. Жұмбақ күйіңізді үнемі сақтауға тырысыңыз.
Еріңізге әркез беймаза емес, әркез саяжай секілді жайлы да тыныш тілге тиек болыңыз.
Еріңіз сүйсінетін тіл үйірер бес түрлі тамақтың рецебін біліңіз, және құпия ұстаңыз. Сосын сәнді киіміңізбен таңдандырудан шаршамаңыз.
Еріңіз кей кезде көкейінде жүрген сырын ақтарса мұқият тыңдаңыз, әуелі кеңес беруге асықпаңыз. Сосын сырын жұртқа көрші көлемге жаймаңыз. Сенімін ақтаңыз.
Ең күшті еркектің өзі де әйелдің мейіріміне мұқтаж ететінін ұмытпаңыз.
Сіздің еріңіз бен балаларыңыз жақсы көріп құрбандыққа барса жазғырмаңыз.
Көшеге де үй де болсаңыз да таза да тартымды болыңыз. Мыжылған халат пен ұйпалақталған шаш өзіңізді көріксіздендіретінін ұмытпаңыз.
Адамның сұлулығы тән емес, жан сұлулығы. Сондықтан жылулығыңызды еш жоймаңыз. Үйге, қоршаған ортаға жылу берсеңіз бұл сізді одан әрі сұлу етіп көрсетеді.
Көтеріңкі көңіл күй мен үнемі күліп жүріңіз. Шынайы шын жымиып, қуаныш сыйлаңыз.
Жазылған : қыз-келіншектерге кеңес
Мұндай әйелдің соңғы экземплярын мен бір жерден кездестірген сияқты едім… Түүй, құрысын, кітаптан оқыған екенмін ғой…
Айтпақшы неге мақалаңызды қайнаған қазанның суретімен сүйемелдегенсіз? Еркектің жүрегіне тамақ арқылы жол саламын деген мағынада ма, әлде … тозақ отына мезгегеніңіз бе?
Әй білмеймін қойын дәптеріме түртіп жазып сары майдай сақтап жүрген нәрселерім ғой. Былайша айтқан газеттен журналдан кітаптан ұнаған сөздерді түртіп алатын жәман әдетім бар.
Отбасы, ошақ, тамақ түрлері, от жалын, шашыраған жарық сәуле. Бәрі бір суретте жиналған ғой 
Қайнаған қазан ол деген ошақтың басы, тамақтың дәмін татып еріне сыйлап жатқан әйелдің бейнесі елестеп кетіп, ұнағасын қойдым. Орысшасы ОЧАГ дейді ғой
Есте болатын сөздер екен…
көз салу таңсық емес. өзім таңдап әперем деп бәйбіше болғысы келетін кісілердің қояр шарттары сұмдық енді…*06
Біздің ерекше сұлу болып жайнап жүруімізер адамдардың өздеріне де байланысты. Дегенмен, кез келген адам өзіне қарап, тек сұулулық үшін емес, жеке мәдениетті қалыптастыру үшін қажет деп білемін.
Сөзсіз пайдалы кеңестер екен. Жинаққорыңыздың молая беруі үшін!!!
Ммм, дәә! Дұрыс-ақ екен.
eriniz degendi erniniz dep oki beremin kaita kaita..
Avtorga respoekt