Еркектер туралы бірер афоризмдер :)

Идеал еркек ішпейді, шекпейді, құмар ойын ойнамайды, ешқашан бәстеспейді. Және ондайлар өте мөте аз.

Ханзада жігітті өмір бақи  күтуге болады, ал еркекті әркез табуға болады.

Қандай еркек жақсы әрине ұйықтаған кезде, ұйықтағаны сондай жақсы.

Идеал еркек ол қазына, әрі дірілдеткіш.

Еркектің өтпелі кезеңінде жас қыздарды тізімдеп қимайды, кәріге көңілі тартпайды.

Еркек монша секілді, әуелі  ол әйелге жабысады, соңында жуынып шайынады.

Ақымақ еркек әйелімен ұрыссады, ал ақылды еркек ол әйелге үйленгені үшін өз өзін жазғырады.

Үйлен ешнәрсеге алаңдамай, егер жақсы әйел тап болса, шығармашыл боласың. Егер жаман әйел тап болса, философ боласың :)

Міне осылай қысқаша афоризмді аударып сіздерге ұсындым. Осы жазуларды оқығанда өзіңіз осыған сәйкес болсаңыз, қорықпаңыз оны тек сізден басқа ешкім білмейді. :)

15 жауаптар

  1. еркектерге шыныменде ғашық болып жүрсін ғой !!!

  2. еее бұл жазулар сонда ғашық болғанды білдіртеді ме? Ал мен әзіл сықақ деп жүрсем :)

  3. Аха, мен де байқап жүрмін, соңғы кездері Томиристің еркектер тақырыбына шүйліге бастағанын :)
    Алайда, Аршат мысалы, кейде қыздардың жақсы жақтарын да атап өтеді, Сіз жағынан да қарымтасы болады деп ойлаймыз :)

  4. “дірілдеткіш” дегені қызық екен. Қай мағынада екен а?

    Сонсоң, бұлардың жуынып-шайынатыны қызық екен.

    Расында да, кейде өзімнің шығармашылығым да, пәлсәпам да қатар дамып жатыр екен деп сезінемін.

    ммм, дәә! Томирис, шынымен-ақ өздердің, қарындас. :)

  5. Жуынып шайынатын дегені ол әйелді ұнатып жүреді де кейін ештеңе болмағандай өмірінен сызып тастап, басқа әйелді таңдайды деген мағынада.
    Өзгерген ештеңем жоқ, керісінше менің енді енді қойып, тәртіпті қыз болып келе жатқан бағытым, кәріммулла :)

  6. аударма болса да… бөріктінің намысы бір.
    жалғыз ұйқы ғана жағдайымызды сақтап тұр екен даа.
    құдай жар болсын.

  7. Бекжаннан блогына кіріп ол жақтан қорқып шықтым… Мұнда да сол, қорқытатындай екен… Қорқытуды қоятын заман туды деп ойласайшы.. Жоооқ, үйтпейді ғой олар… Өзгенің зәре-құты ұшып қорқуын нетсін-ей. Қорқа беріп қорқау да боп кетеді адам кейде.

    Осылай жазбаны нөсерлетіп жатқаныңызға қарап сізді шығармашыл болды дейік пе, әлде пәлсәпәдан аздап құйқылжытқаныңыз ба?

    Не болса да, қай вектормен дүрілдетіп келе жатқаның әшкереленіп қалды, сақ қызы. Сақ жүр! :)

  8. кім жазса да қыртыған біреу жазған екен. әлде өзің жазып аудардым деп стрелка бұрып отырсың ба? оқып отырып күлдім, автар тағы да жазып тұр

  9. Нұрғисаға :Жартысының жартысына келгенде қой ұят деп ығыстыра салайын ба? :)
    Аршатқа: Өз ойынан құрастырып жазды деп ойламау үшін аудардым дедім, ендігіде ерлердің әйелдер туралы бірер афоризмдер жазып кетейін сол кезде қыртыған емес, дұрыс жазылған дейтініңе күмәнім жоқ. :)

  10. Тұмар қыз “дірілдеткіш” теңеуін дұрыс алмағансың. Ол шамасы вибратор сөзін аударғаның шығар, нағыз еркек дірілдетпейді солқылдатады ғой :)

  11. Кәрім, дірілдеткіш деген вибратор.

  12. Қыршыған жазу екен. Осыны ұялмай қалай жазғансың?

  13. Гүлзада қандай ұятсыз нәрселерді көріп тұрсың :)
    Соны ұялмай сен де оқыдың ғой :) Және біз өте жақын таныс па едік сен деп жазатындай :) Жасың бірталай кіші екен :)

  14. Гулзада, сізге менен ріспек!

  15. Тома, нағыз еркек ақша санамайды деп қоймадың ба?! (Қалжың ғой) Әлі де қатарын көбейту керек еркектер туралы афоризмдердің….

Жауап қалдырыңыз