Posted on Қаңтар 30, 2008 by tomiris
Бастаңғы (салт).… Жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп бас қосады.(К.Сегізбаев). Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі жастардың сол үйде ойын сауықта бас қосуы. Дәстүр бойынша бұған тиым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды.
Жазылған : Салт-дәстүрлер | 4 Пікірлер »
Posted on Қаңтар 30, 2008 by tomiris
Байғазы (дәстүр).Уа сатира сарбазы, Адырнаңа байғазы! (С.Әбілкәкімов).Байғазы балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетн ақшалай, заттай сый.Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы» деп те атайды. Байғазы балалардың көңіл күйін көтеретін дәстүр.
Жазылған : Салт-дәстүрлер | 8 Пікірлер »