ПЕШКА…

Бәрі де азаттық алған соң еркін адаммын деп аяқтарын талтаң басары сөзсіз. Бірақ бәрібір пешкасың. Қайда барсақ та  пешкамыз. Мойындау керек.Әңгімем түсінікті болсын…

Қыс мезгілі. Жасым он сегізде. Баяғы әдет. Жалғыз жүру, жалғыз келу, жалғыз бару. Демалыста Атырауға барып, демалып, біраз семірген соң, Шымкент қайдасың деп пойызға да міндім. Пласкарт қой баяғы. Біз сияқтылар іші пыспау үшін пласкарттан басқа ыңғайлы нәрсе бар ма? Әрине жолда жігіттер мен кемпір шалдармен танысып, шәй ішіп, азан қазан болу таптырмас нәрсе ғой.. Шымкентке дейін баратын  бір жас жігітпен танысып, жол жөнекей дорбаға салынған  майлы қазылар мен   балықтың біразын тауыстық. Шымкентке де келдік. Түнде келеміз. Екінші күн дегенде түнде пойыздан түсеміз ғой. Арқаланып тартынып,  жолда танысқан жаңағы жігітіммен бірге түсіп, перронда келе жатсақ, арқа тұстан біреу келіп,  жолдорбамды қолымнан тартып, алға түсті. Әй дегенше болмады екінші біреу сол жағымнан келіп, қолымнан қысып ұстап:

 - Жүр участкіге иттің ғана қызы, – деп қалды құлақ шекеден. Аңтарылып, ауызым ашылып, еш сөз жоқ жүр дегенге жүре бердім менде. Көз жыпылық, ауыз әлі ашылып тұр. Қасымдағы жігіт түсінбей  маған қарап тұр.Сонымен  не керек вокзалдағы милиция участкісіне кірдік апыр топыр болып.

- Отыр, қайдан келе жатырсың?

- Атыраудан.

- Неге, нағып жүрсіңдер мұнда?

- Осында оқимын.

- Не еліңде оқуың құрып қалды ма? Өтірікті соқпа сен қыз.

Ауызым әлі ашылып тұр.

- Аға осында оқимын ғой. Студентпін ағай.

- Соқпа сандырағыңды, үйіңдегі шешеңе айтарсың. Кәне сумкаңда не бар аш бол тезірек!

- Сумкамда тамақ киім оны бұны бар.

- Аш бол!

Дорбамды ашып бергенім сол ішіндегі барлық нәрсені ақтарып төңкеріп, жан жағына шашып, бірдеңе іздеуде. Мен әлі ештеңеге түсінбедім. Сұрайын десем Милицияның формасы мен участкіден қорқып тұрмын.

- Сен сонымен Шымкентте нағып жүрсің сұрағыма дұрыстап жауап бересің бе?

- Иттің ғана қызы еліңде жатпайсың ба? Аааа сумкаңда наркотик бар екен ғой?

Әйтеуір  не керек ит деді, бит деді сонымен мен наркотик тасушы кантрабандист болып шыға келдім.   Мен жылап тұрмын, қасымдағы жігіт шошып тұр. Маған бір оларға бір қарайды. Ештеңеге түсінбей мен тұрмын.

- Ағай мен студентпін , шын айтамын, студентпін. Қолымда студенттік кітапшам бар. Университетім осындай жерде…. десем.

- Ақшаң барма сонымен ұзын сөздің қысқасы, Атыраудың қызысың ғой икраң бар ма?

- Сұрағанымды бермесең, айтпады деме сені наркоман қыз деп акт жазамын да түрмеге бірақ тығам. - Менде ақшам аз.

- Қанша әкелдің?

- Оқуға төлеу үшін әкелдім, ағай.

- Бергенше бер!

Жылап жібердім, іштей бергім де келмей тұр. Бермесем итімді шығарып тұр. Ақырып жекіріп тұрғаны ішіп алған аға лейтенант екен. Қасындағысы тұрған көмекшісі. Оған сыбырлап тұр.

- Кішкентай қыз ғой, әлі студент екен. Бізге жарамайды. Жібере салайық та.

- Неге жіберем екен? Жартысын төлеп кетсін.

- Басқаларды табамыз. Қызды жіберейік, кішкентай қыз ғой.  Қалтасында дым да жоқ қой. Болса оқуына, кватиріне әкелген шығар. Артық болады дейсің бе?

- Үйінен келе жатқан жоқ па? Тем более мұнайға бай Атыраудан келіп тұрса, өзі мұнда қаңғырып жүрсе, кім оған осында оқы деді.

- Жақсы братан сенікі дұрыс. Қызды жіберейік, босқа көз жасына қалмайық, деп  сау болсын мені бостандыққа жіберді. Ақшам қалтамда, өзімде аманмын. Сол кезде қатты қуанғаным ай. Айтып жеткізу қиын. Рахмет, рахмет дей беріппін. Заттарымды жиыстырып,  кепкен балықтан бірнешеуін тастап такси ұстауға кеттім. Қараңғы түнде үйге жеттім. Ал қасымдағы жігіт сол сау бол деумен мәңгіге жоқ болып кетті. Сірә меннен қорыққан шығар.  

Бірінші курс бітті. Он тоғыздамын. Бұл жолы үйге қайтудамын. Пойыз таңғы жетіден жиырма кеткенде жүреді. Перронда тұрсам, қасыма тағы милиция келді. Бұл жолы бір өзі және басқа.Участкіге бардым. Сумкамды ақтаруда.

- Не болды?

- Ақпарат түсті.

- Қандай?

- Наркотик тасушы қыз деген.

- Ол мен бе екем.

- Түр сипаттауына байланысты сіз болдыңыз.Отырыңыз. Жауап аламыз.

- Ағай қазір пойыз келеді Алматыдан. Мен үлгере алмаймын.

- Оған дейін көреміз. Сонымен айта бер әңгімеңді. Бұнда не істеп жүрсің?

- Оқып жүрмін,  араб тілі маманымын.

- Неге араб тілі, басқа мамандық болмады ма?

- Өзіме ұнайды.Сондықтан оқудамын.

- Ауылыңда оқу жоқ па, әлде оқуларың бітіп қалған ба?

- Бізде араб тілі жоқ.

- Атыраудан ерігіп келгенге ұқсайсың, сонымен не шаруамен жүрсің?

- Айттым ғой студентпін деп.

- Ақша бітті ауылға кетіп барам де.

- Ия солай соңғы ақшама билет алдым. Жолға да тамақ алмадым. Мені жіберіңіз. Ауылымнан келген соң әкелермін базарлықты.

- Жәрайды боссың, сеннен күдіктенуге болмайды….. 

Оқу бітірдім.  Енді өз ауылымдамын. Бұдан өткен тағы бір сорақыға тап болдым. Тіпті күлкілі енді.  Оны айтпай ақ қояйын.Бұдан соң түсінгенім заң жоқ, әділдік жоқ екеніне көзім жетті. Заңды қолдан жасауға, қаласа дұрыстауға, қаласа бұзуға болады екен. Ақтау деген жоқ, даттау деген бар. Ия ақша беріп құтыласың, ақша бермесең аңқиып тағы қаласың. Солай.

Қанау, таптау сол баяғы заманнан әлі жалғасын табуда. Солай.

Қайда барсаңда, қайда жүрсеңде пешка атынан құтыла алмадым. Солай.

Жұмыста бастыққа пешкасің, жұмыста болмасаң басқаға пешкасің. Солай.

Шахмат ойнағанда шахты мат қылу үшін пешканы құтқарары анық.

Ал өмірде ше ол мүмкін бе?

Болса қалай. Қалай болса солай……

9 жауаптар

  1. Құдай-ай көрмегенің жоқ екен ғой. Бұның барлығын Аллаһтың сынағы деп қабылдаған жөн бе екен. Менің де басымнан бірді-екілі жағдай өткен еді. Түбі заңымызды білмейінше, мұндай нәрселер бола беретін сияқты ғой. Әй, заңды соқсаң одан бетер бәлеге де қалатын сияқтысың кейде. Оларды көргенде өтірік мүләйімсіп қалу керек пе екен…

  2. Түсінгенім мен сияқты пешкаларға күшін көрсетіп бір масайрап алатын сияқты. Енді крышасы (бөрігі мықтылар) барлардан бәрі де аяғын тартып, іштей өшігіп алады да, бар ашуларын пешкалардан алады.
    Өмір болғасын бәрі болады деген көзқарас қалыптасты. Қазір таң қалмаймын да саспаймын да. Мақсат Бір амалын тауып сытылып шығып кету.

  3. Мен мүләйімсіп қаламын. Әйтпесе шынымен ұрып-соғып, қамап қоюға бар. Талай құқайды көрсетті ғой кезінде…
    Жалпы халық пен полицайлардың арасы қай мемлекетте де жақсы емес, бірақ біздердегідей оңбағандары көп кездеспейтін шығар. Оның себебі, КСРО-ның жартылай әскери-лагерлік мемлекет болғандығынан қалып қойған салқындық деп ойлаймын. Біздердегідей түрмедегі адам санындай бірде-бір мемлекет болмаған ғой уақытында. КСРО-ның 15/1 – лагерьде айдауда болған адамдар. Үйіне келгесін балаларында да менттерді жек көру қалыптастырады…

  4. Ойын біткенде пешкі де ферзі де бір дорбаға салынады…

  5. Ха ха ха Шота сенде қатырдың ғой…. :D
    Адамның көңілін жақсы таба алады екенсің, екеуін де бір дорбаға салдыртқанға қарағанда….

  6. Шет елдерде жұрт жақын маннан тәртіп сақшысын көрсе өздерін қауыпсыздықта сезінеді, ал бізде жақын маннан емес тіптен алыстан көрсек болды – бір бәленің таянғанын сезініп тықырши бастаймыз, бәлесінен аулақ деп айналып өтуге тырысамыз. Әлде мен ғана ма?!

  7. Маған жазған пікірңізге үлкен рахмет. Блогыңызды үнемі оқып отырамын.
    Қуанышы мен қызығы мол өмір болған соң, түрлі жағдайлардың болуы бәлкім, дұрыс та шығар. Бірақ адамдарда еркіндік болу керек қой. Мұндайда оны сезінбей қаламыз.

  8. Baur дұрыс айтасың, барлығымыз сондаймыз. Мен де қасынан өтер кезде мазасызданып қаламын. Бірдеңе пакетке орап ұстап келе жатырсаң, онда міндетті түрде тоқтатады. Өзіңнен өзің кінәлі адамдай көзіңді тайдыра бересің бе, қалай? Ең болмаса честь беретін жақсы үрдіс басталып еді, қайтадан әдірә қалды.

  9. Томирис ол сөзімнің мағынасы көлігі келгенде мент те бомж да о дүниеге кетеді яғни оларды теңестіретін күш бар…

Жауап қалдырыңыз