Кеңес дәуірінің тәртібімен өсіп келгесін, жеңгелеріміз бен қыздарымыз өз күйеуіне “жекеменшік”, “жылжымайтын мүлік” ретінде қарап келді. Күйеу олар үшін “жекеменшік”. Бірақ күйеу ешқашанда ондайға жатпайды. Өйткені күйеу жылжымайтын мүлік емес, жылжымалы мүлік. Сондықтан қазіргі таңда әйелдер екі әйелділікке рұқсат етпейді. Бір аяғы бөлмеде, бір аяғы далада тұратын еркектер екі әйел қайдан алсын? “Алсаң ала ғой мен бәйбіше болып отырайын” дейтін әйелдер бұрынғыдай емес жоғалды. Қазір олар “алсаң ал, мен сенен де жап жас жігітке тиіп аламын” деп екеуі екі жаққа бұрылып кетеді. Анау жылжымалы мүлік те тоқалын алып ол кетеді, мына жақта әйелі жап жас жігіттердің басын айналдырып, бір екі күндік азаматтық некеге тұрып, “міне, менде күйеуімнен өшімді алдым” деген ойға мастанады. Ол өш алғандық емес, керісінше үлкен күнә тірлік жасауда.
Еркектің аты еркек. Білмесеңіз, бұрындары Хабар арнасында “Нағыз ерке” туралы бағдарламасы бар. Содан көрсек болмысын білуге болады. Дегенін істетпей қоймайды.
Негізінен Қазақстан депутаттары бұдан он үш жыл қарастырып, екі әйелділікке екі дауыс жетпей қалған. Бірақ депутаттар қалай шешсе, солай болады деп жүрген еркектер жоқ. Екі әйелді кім алады? Тоқ, қарны шыққан бай алады. Бір әйелді асыра алмай жүргендер басына бейнет қып екі әйелді неғылсын, әшейін айтылған сөз ғой.
Ал шенеуіктерде көпшілігінде тоқал бар. Алса ала берсін, құтты болсын дейік. Керісінше біздің халық саны көбейеді. Мынау кең жайылған байтақ елімізге шашылып жүрген торсық шекелер көп болғаны не жетсін. Ал енді екі әйел алу осы деп сегізге жеткізген шегір көз шегірткелер бар. Сегізін алып, сау басына сақина тілеп, зар илеп жүргендер де бар.
Ия адам баласы қызық қой, түсініп болу қиын. Екіге рұқсат берсе, басқасы сегізге секіріп жатыр. Ой тоба!
Ол деген адамның хақы, құқын білмеген итекештер ғой. Әйелдің де құқы мен хақы бар. Бірақ ол да шектеулі. Сол шектеулі хақы (ақысын) беріп тұру керек ағайындар!
Жазылған : Жазулар