Таңертең төсегінен күліп оянған әйел жақсы.
Еңсесін асқақ, иінін тік ұстап, иіліп сәлем беріп тұратын әйел жақсы.
Жанұясына жарық сәуле шашып, жфлу беріп, береке, құт болып тұратын әйел жақсы.
Шашын күземей, бетін боямай, табиғи өзінің түр түсін сақтап жүрген әйел жақсы.
Барға мастанбай, жоққа жасымаған әйел жақсы.
Еңбек ету бақыт, адамның жауы жалқаулық, деп балаларын адал еңбекке баулыған әйел жақсы.
Жетім жесірді, кемтар, мүгедекті келеке етпе, пейіл құлқы бұзылған адамға жолама деп балаларына дұрыс жол көрсетіп отырған әйел жақсы.
Күйеуін аялап, әлпештеген, жан дүниесін түсініп, арқа сүйері болған әйел жақсы.
Күеуінің қабылдаған шешімдерін қолдаған және отбасының ортақ мақсаттарына жетуде қолғабыс болған әйел жақсы.
Отбасының ұйытқысы болып, әдемі келбетін, әр кез жасына сай әдемі көрінісімен, әдемі қартая білген, екі елі ауызына ие болған, орынды сөйлеп, көп тыңдаған әйел жақсы.
Жазылған : қыз-келіншектерге кеңес
“Отбасының ұйытқысы болып, әдемі келбетін, әр кез жасына сай әдемі көрінісімен, әдемі қартая білген, екі елі ауызына ие болған, орынды сөйлеп, көп тыңдаған әйел жақсы.”
Әрине
Tomiris, thanks for your comment on my Түстер post, although I don’t understand Kazakh very well at all.
Do you mind re-phrasing what you said in English or Russian?
Menimshe, qazaq analary takua bolgan. Zhaksi kasietterdin bastaui menimshe, takualykta zhatkan sekildi
Мысалға Мұхтар Әуезовтың Ұлпаны шығармасы, Абайдың анасы Ұлжанның тәрбиесі және әжесі Зеренің хикметі мол болғандықтан балалары өте ақылды, ғалым, тәртіпті болған. Негізінен барлық бастау әйелден екені рас. Ана деген адамзаттың қан тамыры ыспытты болуы керек қой деп ойлаймын
Астапыралла, мұндай әйел заты қалғанына сенуге қобалжып тұрмын…
Жоқ десекте бар екеніне сену керек. Ақмарал деген есімді әйелді көрдім, осы айтылған оның табиғаты секілді. Әрі биші, әрі ана, әрі аса қадірлі, тіпті айтып мақтауға сөзім жетпейді, Марал десе марал еді. Сол қызға шын ғашық болдым, яғни өзіндік табиғаты мен болмысына. Ондай әйелдер бар….
Вот видишь, ол уже біреудің әйелі…
Енді қыздар да бар ғой
Көрмес түйені де көрмес деген көрмегесін мен кінәлі емеспін ғой
Халық арасында ондай қыздар да бар. Үмітіңізді үзбеңіз.
айып етпеңдер, төсекте қызулы әйел де жақсы
Еңсесін көтеріп, үй тірлігін де, басқа тірлікті де жайдары жүріп атқарып, келген қонақтарға барын тосып, туыстар мен туыстардың арасын жақындата алатын әйел жақсы….
Осындай кыз болса тап казір уйленер едім.
Бірак ондай кыз табылган кунде де тагы бір маселе бар, ол кыз маган турмыска шыгар ма екен деген. Міне маселе кайда жатыр.
кендебай
Томирис, сенің өзің де тамаша екенсің!
Ал Кендебай, кер құла атың қайда? Атыңды ертте де, сұлуыңды тауып ал. Бәріміз тілектеспіз
Томирис атты әйел жақсы
Осындай өсиет сөздерді оқып және басқаларда оқысын деп блогына қойған әйелде жақсы