АДАМНЫҢ ЖАМАНЫ КІМ?

Імм… Адамның жаманы менмін деп Аяз би айтушы еді, ал мен наборот қыламын. Адамның жаманы Аяз би емес, проводник екен. Оны дәлелдейтін аргумент те ,фәкіт те бар… Такк оны қайдан білдің дейсіз бе? Оны жолда жүріп, ешек поездан көріп айтқаным ғой. Бір күні қалтада ақша жоқ, ауызда сағыз жоқ, проводникке жалынып жалбарынып, үйге ккелейінші деп міндік қой жалпы. Содан не керек, ақшаны уыстап берсем де аяқтай жеті сағат бойы тамбурда тұрып келдім. Содан не керек, проводникке:
Коке орын берсеңші?
Берем ғой, шыдай түс қарындас ырс ырс етіп күледі.
Көке орын бар ма жалпы?
Қам жеме қарындас, түнге қарай орын табылады.
ЕЕЕ берем ғой сізге, тек орын берші
Мен де беремін дедім ғой, бергенді алмайтын қызды көрмедім деп тағы ырс ырс күледі.
Іштей “қатып қалғыр сөзіне тұрмайтын еркек емес қатынсың ғой, еще тағы күледі, бергенін көрерміз, қаншалықты берер екенсің” деп қоям.
Жанымды жеп, қанымды ішіп күн де сарғайып, батуға қалды. Ымырт жамылып түн де келе жатыр күле қарсы алып. Тамбурдың иісін ай.
Абай атамыз айтқандай бір ұрты қан бір ұрты май болатынын анық көрдім. Жолда жүргесін жуынбайды екен наааас, шеттерін өтірік айтушы массс екен! Ішіп алып сылқым сылқым қыз келіншекке тиісіп, шөлімді басар, тіске басар жұмсақ заттарға тіпті құмар екен. Егер жолаушы шағымданып, ревизорға шағымданса, ревизор сенарий бойынша іздеп келсе, атасының құны қалғыр проводниктер ассал ооом ағатай деп былай шыққан соң әкеесс, әнәәәс деп енеңді ұрайын екі мың теңгемді қалтамнан қағып кетті.
Кабинасынан қатын түспейді,қолтықтан ақша түспейді. Рейстен басқаны білмейтін онша мұншаға көзге ілмейді.
Содан білетінім адамның жаманы проводник екен.
Ой қарындас сен әлі тұрсың тамбурда? Әәә түнде орын босайды. Шыда қарындас, қазір мызғып аламыз. Көңіл сыйса бәрі сыйяды.
Ой ағатай ақшамның жартысын бер, әлі бір орын алмадым ғой, түн де болды ұйықтау керек.
Айттым ғой қарындас, жер бар деп, қазір бір стансия қалды, адамдар түседі, кабинаның іші босап қалады, сосын ұйықтаймыз, мен саған беремін дедім, уәдемде тұрдым қарындас.
Ой ағатай не айтып кеттіңіз сасық кабинаңда нем бар, ұйықтасаң өзің ұйықта, көзге түскен жемтігің мен емеспін, осылай тамбурда қақшиып тұрам.
Ой қарындас ағасының тілін алмайтын неғылған жансың, жақсылық жасасам да адамдарға жақпаймын. Қазір сені осы стансияда түсіріп жіберем, түсіндің бе?…..
Менде үн жоқ. Екі күн осылай поезда күнім өтті.
Негізі солай шеттерінен шөлдеп жүреді, оларға ешқашан сусын болмағаны жақсы.

Билетің болмаса, проводниктен сақтасын, ауырсаң медиктен сақтасын, тыныш жүрсең де милициядан сақтасын.

Бір жауап

  1. проводниктер мафия болып кеткен қазір. оның рас, Тома!

Жауап қалдырыңыз