ЕГЕР ЕРКЕК СҮЙСЕ….

Осы әдебиетті оқысақ немесе бір жаңалықтарды оқысақ көбіне әйелім немесе сүйген қызымды өзіме қарату үшін бар амалды жасаудамын. Сезімге байып, шалқып жүргенде миыма мың түрлі ойлар мен туындылар келді деп газет бетінде, теледидарда, өмірде естіп те көріп те жатырмыз. Сұлулықтың символы болған мына нәзік жанды әйел заттары еркектер шын сүйсе не істер еді, әрекетіне қарап сезімін сездім, сондықтан көңілім ауды деп жатады. Мына төмендегі жазулар шет тілден аударып, кішкене қазақшаға бұрмалап жаздым. Ұнамаса ренжімеймін. Өзім соңғы мезгілде ерлер тақырыбын қозғап зерттеу жүргізудемін. :) Ерлерге арнап жазулар жазғым да келеді. Мүмкін алда тағы оқитын шығарсыз. Мүмкін жазбайын іште жатсын.

Егер еркек сүйсе қалтықсыз сүйер.
Егер еркек сүйсе есалаң, мәжнүн болар.
Егер еркек сүйсе сүйгенінде шегі болмас.
Егер еркек сүйсе думан құрып, көңілі толмас.
Егер еркек сүйсе өміріңді талқандамас.
Егер еркек сүйсе егіліп жылар.
Егер еркек сүйсе сені жылатпас.
Егер еркек сүйсе шын сүйер.
Егер еркек сүйсе өтірігі шықпас.
Егер еркек сүйсе жүректі жаралатпас.
Егер еркек сүйсе ақшасын шашар.
Егер еркек сүйсе іздер сені.
Егер еркек сүйсе бірден төсекке жықпас.
Егер еркек сүйсе жомарт болар.
Егер еркек сүйсе сыпайы болар.
Егер еркек сүйсе адам болуға талпынар.
Егер еркек сүйсе өлімге де қауышар.
Егер еркек сүйсе сүйер бір ғана.
Егер еркек сүйсе сеннен айрылмас.
Егер еркек сүйсе сені ешкімге айырбастамас.
Егер еркек сүйсе алдамас.
Егер еркек сүйсе қалтафонда активін жояр.
Егер еркек сүйсе іш құса болып тамақтан қалар.
Егер еркек сүйсе романтика болар.
Егер еркек сүйсе ең ақымақ ғашық жырлар ол үшін өте мағыналы болар.
Егер еркек сүйсе сырдың шетін саған айтар.
Егер еркек сүйсе іштегі өшкен от мотиві жанар.
Егер еркек сүйсе хайуан мінезден арылар
Егер еркек сүйсе қолдан келмегенін нәрселерден туынды дүниеге келер.
Егер еркек сүйсе батқан күннің жарығын көру үшін ұйқыдан ерте тұрар.
Егер еркек сүйсе сүйіктісін жанұясымен қауыштырып, таныстырар.
Егер еркек сүйсе сүйіктісін жұпар иісін жүз километр қашықтықтан сезер.
Егер еркек сүйсе іштегі лаулаған отпен өлтірер.
Егер еркек сүйсе артық әңгіме айтқыздырмас.
Егер еркек сүйсе құс секілді ұшар.
Егер еркек сүйсе көзбен көріп, іштей тілдесер.
Егер еркек сүйсе иланғысы келмеген нәрсеге сенер.
Егер еркек сүйсе биге кетіп, қимылдарын үйренер.
Егер еркек сүйсе ғашықтарға құрметі артар.
Егер еркек сүйсе жүректегі дертпен езілер.
Егер еркек сүйсе сүйіктісінің телнөмірін жанынан артық жаттар.
Егер еркек сүйсе сыйлық алар.
Егер еркек сүйсе гүл сыйлар.
Егер еркек сүйсе пақырларға қайырымдылық етер.
Егер еркек сүйсе әр жерге қаламмен сенің есіміңді жазар.
Егер еркек сүйсе жолдастардың миын шағып құлақ құрышын жер.
Егер еркек сүйсе өткізген ерекше күндерін әсте ұмытпас.
Егер еркек сүйсе уақыттың қалай зымырағанын сезбес.
Егер еркек сүйсе төсек тартып, ессіз жатар.
Егер еркек сүйсе сүйгенін көлеңкесінен қызғанар.
Егер еркек сүйсе сүйгенін түсінде көрер.
Егер еркек сүйсе хат жазар.
Егер еркек сүйсе таулардан гүл терер.
Егер еркек сүйсе азып тозар.
Егер еркек сүйсе сюрприз жасауға ұмтылар.
Егер еркек сүйсе бір сағаты бір жылдай көрінер.
Егер еркек сүйсе шіркейге дейін өлтірмес.
Егер еркек сүйсе өзіне сенімді болар.
Егер еркек сүйсе үйленуден бас тартпас.
Егер сүйсе еркек сүйер жүрекпен.
Егер сүйсе еркке үмітін ешқашан сөндірмес.
Егер сүйсе еркек алған беттен қайтпас.
Егер сүйсе еркек бай да әдемі сөздерді теріп жаттар.
Егер сүйсе еркек қанат қағар.
Егер сүйсе еркек өмірге ғашық болар.
Егер сүйсе еркек буы бұрқырап, өздігінен мәз болар.
Егер сүйсе еркек қарағаймен құшақтасып тілдесер.
Егер сүйсе еркек күңіренер.
Егер сүйсе еркек мына әлемнің ауасы тым ауыр келер.
Егер сүйсе еркек шұлығымды жу демес :)

9 жауаптар

  1. Шұлыққа қатыстысы бұрмаланған сияқты…
    Біздің қыздар айтқызбайай-ақ, өздері жуып беретін :)

  2. Оны жазған мен ғой, ең жек көретінім шұлықты жуу :) Бұрындары жатақханада жатқанда жүріп жүрген жұптар әлі күйеуі болмаса да шуаш иісі аңқыған нәскиін жуа салсаң ғой жаным деп бөлмесіне әкеп тастайтын еді. Байғұс қыз айтқанын екі етпей ақ жуа салады ғой.
    Қой қарағым мен не айтып кеттім, бәрі әзіл ғой сүйсең де сүймесең де жуасың ғой, жумай қайда кетеміз, басар тау, барар жеріміз болмаса :)

  3. :) Байғұс еркек десеңші!

  4. еее томпик мынауың романтикалық типтегі жігіт екен:)

  5. Шынымен де өйстіп сүйе ме екен, мұндай жігіттер сірә санап аларлық шығар. Осы кездің жігіттері артымнан жүгір деп қалап тұратын сияқты…

  6. Ақзере рас айтасың қазіргі жігіттердің артынан өзің бірінші жүгіруің керек, немесе аяғыңды ауырлатып барып өзіне қарату арқылы жігітті қаратады. Қыздар осы екі жолды ұстанады. Бірақ бұның соңы бақытқа кенелтпейді.

  7. жасар едім бәрін, егер сен мендік болсан…..

  8. //Қой қарағым мен не айтып кеттім, бәрі әзіл ғой сүйсең де сүймесең де жуасың ғой, жумай қайда кетеміз, басар тау, барар жеріміз болмаса //

    ал іш киімді ше? :) )

  9. Ойбай Кендебай :) Айта көрме ойбай Кендебай :)

Жауап қалдырыңыз