БАСТАҢҒЫ /Тәрбие дәстүрі

Бастаңғы (салт).… Жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп  бас қосады.(К.Сегізбаев). Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі жастардың сол үйде ойын сауықта бас қосуы. Дәстүр бойынша бұған тиым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды.

БАЙҒАЗЫ / Тәрбие дәстүрі

Байғазы (дәстүр).Уа сатира сарбазы, Адырнаңа байғазы! (С.Әбілкәкімов).Байғазы  балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетн ақшалай, заттай сый.Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы» деп те атайды. Байғазы балалардың көңіл күйін көтеретін дәстүр.

ПЕШКА…

Бәрі де азаттық алған соң еркін адаммын деп аяқтарын талтаң басары сөзсіз. Бірақ бәрібір пешкасың. Қайда барсақ та  пешкамыз. Мойындау керек.Әңгімем түсінікті болсын…

БОДИ АРТ

БОДИ АРТ ағылшын тілінен аударғанда дене суреттері деген мағынад. Оған тату, пирсинг, маскалар кіреді. Негізінен индейцтерден маска жасау бастау алған. Жаңа Зеландия елінің тұрғыны бетке құбыжық маска мен пирсинг жасау ене бастаған.
Әрі Жапония елдері денелеріне сакура (шие) гүлінің суретін салу мен нәзік ою өрнектер салу сәнге айналған. Содан міне әлем халқының арасында сәнге [...]

БАЗАРЛЫҚ/Тәрбие дәстүрі

Базарлық (дәстүр). «Күйеуінің базарлығы екен ғой, деді Ақбала ішінен».
(Ә.Нұрпейісов). Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіші ретінде қабылданады.

ТҰСАУКЕСЕР/ Тәрбие дәстүрі

Тұсаукесер (салт).
Тұсауыңды кесейін,
Күрмеуіңді шешейін.
Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген [...]