| Ақ кө… торғай секілді | Ұшып қонған, жеңілтек, шыжбалақ кісі |
| Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді | Сапасы жақсы, хош иісті шайдай көңіл жадырататын кісі. |
| Ақпан соқса өлмейтін, тоқпан соқса өлмейтін | Шыдамдылық, төзімділік туралы айтылады. |
| Ақпар су | Ағын су |
| Ақ пен қызыл арасында | Күн ұясына кірген шақ |
| Ақ сазандай бұлықсыды | Сылаң қақты. Толған айдай толықсып,Ақ сазандай бұлықсып,Бұралып кетіп барады.(ҚЖ) |
| Ақсақты тыңдай, өтірікті шындай қылды | Жай жапсарын білдірмеді, жалғанның қисынын келтірді. |
| Ақ сұпыдай | Әсем, ақ торғынАқ сұпыдай бет біткен,Оймақ ауыз, күлім көз,Ақ шыныдай ет біткен,Қайың сынды мүсінді (ІЖ) |
| Ақ табан | Мал мүліксіз, сорлы, кедей |
| Ақ тұш, ақ сиырдың сүтін іш! | Кісі түшкіргенде қалжың, әзіл сықақ ретінде айтылатын тілек |
Жазылған : Фразеологизм сөздігі
Қазақта мен білмейтін қаншама тұрақты сөз тіркес бар екен, рахмет, білетін болам енді)))реті келсе қолданып.