Жазылған уақыты Қыркүйек 19, 2007 жазған tomiris
Қырқынан шығару (салт). «Баланың қырқынан шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан балаға ат қойып, бата беруді өтінеді» (Н.Әбдуалиев). Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы «Жеті жарғы», «Жеті қазына», «Бір тоғыз», «Үш тоғыз», «Қырықтың бірі қыдыр» деген қағидалар осы сандық ұғымынан пайда болған.Соның бірі баланы «қырқына шығару» дәстүрі. [...]
Жазылған : Салт-дәстүрлер | 6 Пікірлер »
Жазылған уақыты Қыркүйек 19, 2007 жазған tomiris
Иткөйлек (салт). «Иткөйлегі жоқ.Өзім тігіп беріп едім» (Ә.Нүрпейсов). Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегін «иткөйлек» деп атайды. Өйткені ол шығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп, оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті байлар қуып, жетіп, немесе шақырып, ұстап, тәттісін бөліседі. «Иткөйлекті» баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.
«Иткөйлек» атының шығуы оның иттің мойнына байлағандығында емес, халық итті [...]
Жазылған : Салт-дәстүрлер | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Қыркүйек 19, 2007 жазған tomiris
Ақ кө… торғай секілді
Ұшып қонған, жеңілтек, шыжбалақ кісі
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді
Сапасы жақсы, хош иісті шайдай көңіл жадырататын кісі.
Ақпан соқса өлмейтін, тоқпан соқса өлмейтін
Шыдамдылық, төзімділік туралы айтылады.
Ақпар су
Ағын су
Ақ пен қызыл арасында
Күн ұясына кірген шақ
Ақ сазандай бұлықсыды
Сылаң қақты. Толған айдай толықсып,Ақ сазандай бұлықсып,Бұралып кетіп барады.(ҚЖ)
Ақсақты тыңдай, өтірікті шындай қылды
Жай жапсарын білдірмеді, жалғанның қисынын келтірді.
Ақ [...]
Жазылған : Фразеологизм сөздігі | 1 пікір »
Жазылған уақыты Қыркүйек 19, 2007 жазған tomiris
Ерте, ерте ертеде, қоян әркім артынан түсе берген соң, тым қатты ыза болыпты:
- «Мен әркімнен қорқа берсем керек, меннен ешкім қорықпайды. Бүйтіп жүргенше суға түсіп өлгенім жақсы», - депті.
Суға қарай жүгіріп келе жатқан мезгілде, өзін өзі өлтірмекші бопты. Сонда су бойында жатқан қойлар үркіп барып, басқа қойларды апалаң - топалаң үркіттіріп жібереді.
Сонда қоян [...]
Жазылған : Ертегі | Пікірлер жоқ »