А….

Айыл тұрман тағынды
Жол жүруге әбден дайындалды, сайланды.

Айылын жимады
Сескенбеді, жасқанбады, қымсынбады.

Айын аспанға шығарды
Көтермелеп, дәріптей  мақтап кетті.

Айын өткізді
Зәрулігін, керектігін таныту, жеткізу мағынасында айтылады.

Айып анжы берді
Айып төледі, айыбының төлемін өтеді.

Айып шамы жоқ
Ерсілігі, артықтығы, өрескелдігі жоқ.

Ақ бөкеннің таңындай
Күн шалмаған аппақ, ақ күмістей.

Ақ жолтай болды
Қадамы құтты, үнемі жолы болатын адам туралы  айтылады; келуі өзгеге  жақсылық болған  кісіге  айтылады.

Ақ [...]

ТҮЛКІ МЕН ҚОЯН

Әуелде  түлкінің құйрығы жоқ еді. Құйрығының  жоқтығы оған  бек қатты  залал  келтірген, өйткені жүрген  ізін  жасыра  алмайды. Әрдайым түлкінің  артына  түсіп аңдып жүріпті.  Бір күні  қасқыр  барып  оның ініне  кіреді.  Егерде  түлкі  інінің  басқа  жағындағы аузынан шығып кетпесе өлтіріп тастар еді.
          Әлден соң  түлкі ағаш ішіне  кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көреді. Ол [...]

ДӘМЕТКЕН / Отау көтеру

«Дәметкен   сары   майдан  кеудең құрсын» (халық өлеңі).           
Дәметудің  әр түрі бар  Ал ырымда   жас келіншектердің   дәметуінің   жөні бөлек.  Жас балалар   мен келіндер  ата енелері   қонақтан  келсе,  олардан  тәтті  дәмететтін   әдеті   бар.  Әсіресе,   балалы  жас келіндер   дәметсе    оның   меселін   қайтаруға   болмайды.   Өйткені,   дәметіп   отырып   ойындағысы  болмаса   оның  емшегі   ісіп кетеді.  Бұл  өмір шындығы.   Ал үлкен кісілер,  [...]

ІЛУ/Отау көтеру

             Ілу  (салт дәстр). Жаңа түскен   келінді  барған жерінде « үй көрсету»  салтын   жасау  ілік пен  жақынның,   әр ағайынның  міндеті.  Мұндайда   жас келін  шақырған   үйге   дәстүр   бойынша  «лу»  салады.  Мұның   мағынасы   көйлектік  мата,    кілемше,   киім кешек, тағымдар  апару  деген сөз.  Бұған   қайын  ене басшылық  жасайды.  Келін үйге  сәлем   жасап  кіргеннен  кейін «луге»  апарған  затын  босағаға  [...]

КЕЛІН ТҮСІРУ / Отау көтеру

Келін  түсіру (салт).  Біздің  халқымыз  үшін де дүниедегі  қызық пен қуаныштың  ең бастысы    осы келін түсіру.  Бұған   бүкіл ауыл  болып  атсалысады, бірге қуанады, бірге  тойлайды, намысы  бір қазақта   «тойдың  болғанынан  боладысы қызық» деген  бар.  Ал келін  түсірудің   өзі де,  «боладысы» да қызық.           
Қазақ салты  бойынша  келінді   ауылға   көлікпен  әкелмейді. Бір қырдың   астына    жеңгесімен  бірге   түсіріп [...]

ЖАСАУ / Отау көтеру

            Жасау (салт). «Көрсін деп   жиылған  жұрт  тамашасын, жасауын  таудай қылып  үйгізді енді»! (Наурызбай  Қаншайым). Ұзатылған  қызға   берілетін дүние мүлік  «жасау»  деп аталады. Халық  қыздың  жасауына  аса  зор  көңіл бөліп, «жасауды  алты  жастан  жинасаң асады,  жеті жастан  жинасаң  жетеді!» деген.  Небір  жақсы  бұйым, сәукеле,  кілем, текемет,  ыдыс аяқ, төсек орын,  киім кешек, әсем әшекейлі тағымдар  [...]