1. Азасын өткерді  -  қайтыс болған кісіні  арулап  жөнелтті.

  2. Азу  шалды ұлғайды,  егде  тартты, қартайды.  Алғыр жас буындар  түгілі, азуын шалдырған  менің  көңліме  де мынау  оқуың қонып  жатыр. (М.А.)  

3. Азы мен тозы  -   қатарының  кемі,  ең нашары, жоқ жітігі. Ал ұтылсаң, ішер ас, киер  киімге  жарымайсың. Өз қатарыңның азы мен тозы  боласың. (Ә.Н.)

  4. Айдың қараңғысы айдың  отырып  туатын кезеңі.

      Бүгін  айдың нешесі,

      Ай қараңғы  кешесі.

      Жазығы  қатын демесең,

      Қартайса да ілгері,

Әлгі  қыздан мүшесі. (ҚЖ.)

  5. Айлас қатын мұңдас  істеп   жүрген  ісі бір  әуендес   адамдар  сырлас болады деген  мағынада айтылған.                 

   6. Айналасы  кебір, ортасы  жебір  -  төңірегі  сортаң,  ұйықты жер. Айналасы кебір екен, ортасы жебір екен. Бұл қоныс болмас.    (АӘ.)      

   7. Айтқан дәті   - білдірген  көңілі,  білдірген   арманы.  Ғашығына  қоштасып  айтқан дәті (АӘ.)     

   8. Айтушы ердің ұстасы  -  шешен сөйлеп,  шебер   жеткізетін   адам   туралы   қолданылады.      

     Ендігі сөздің қысқасы,    

     Айтушы  ердің ұстасы,    

     Сығалап  атқан  ақ перен,    

     Қалаған  жерден ұрады. (ҚЖ.)      

    9. Айшықты  сөз -  мағынасы терең, көркем  үлгіде  ұтқыр   айтылған  ғибратты  әңгіме.      

    10. Ақай ноқай, (Тоқай, ұқай жоқ) жоқ себепсізден себепсіз, ай жоқ, шәй жоқ.

Жауап қалдырыңыз