1. Азасын өткерді  –  қайтыс болған кісіні  арулап  жөнелтті.
  2. Азу  шалды –  ұлғайды,  егде  тартты, қартайды.  Алғыр жас буындар  түгілі, азуын шалдырған  менің  көңліме  де мынау  оқуың қонып  жатыр. (М.А.)  
3. Азы мен тозы  –   қатарының  кемі,  ең нашары, жоқ жітігі. Ал ұтылсаң, ішер ас, киер  киімге  жарымайсың. Өз қатарыңның азы мен тозы  боласың. (Ә.Н.)
  4. Айдың [...]