Адам  сирақ  аты адам – заты  айуан, адам кейіпті, екі аяқты дүние қоңыз, хайуан деген  сықылды  балағаттау мағынасында айтылады.

Көзіме  көрінбе, дүниеқор,  адам сирақ (М.Ә.)  

Адыра талқан  қылды  - бұзды, быт шыт қылды; бүлік салды, күл талқан  етті.

Біреудің  қуаныш  тойы еді, Адыра талқан қылды. (ҚЖ.) 

Ажалды киік адырға  -  бәле түртіп, жаманшылыққа бастау туралы  айтылады.   

Ажары өтпеді  -  сөзін сыйламады, қадірлемеді;  

Ай арасы толас болады – екі ай  аралығындағы  жауын-шашынсыз,  саябыр кезең туралы  айтылады.

Ай балтаның  сабындай – жұп-жұмыр, үзілмелі  білекті.

Білегінің  шырайы,Айбалтаның сабындай.(ҚЖ.) 

Айбар мүйізді – құдіретті, сұсты, қорғаныш болар, сүйеу болар деген мағынада.

Құландай ащы  дауыстым,

Құлжадай  айбар мүйіздім,

Қырмызыдай  ажарлым,

Хиуадай базарлым,

Теңіздей терең ақылдым!(М.Ө.)  

Айға шапты – жай далбаса болды, қол жетпеске ұмтылып, босқа далақтады.  

Айғырдан шыққан бие – құрсағына жаңа  ғана құлын біткен, тоқтаған бие.

Айғырдан шыққан биені, ауыр жұмысқа салып, қинауға болмайды (С.К.)

Бір жауап

  1. “адырам қалсын” осындай сөз барма еді?

Жауап қалдырыңыз