Posted on Мамыр 7, 2007 by tomiris
. Абызсынып отыр: Сәуегейсіп, әулиесіп, білгіш, билік айтқыш кісі сияқтанып отыр. Абызсынып отырғанын көрдің бе? (АТ).
2. Ағаштан бал, шөптен сүт ағылды: көл көсір молшылық болды.
3. Ағаштан түйін түйді: аса шебер, барынша өнерлі, он саусағынан өнер тамған.
Он қолдан өнер төгілді,
Балқытып соқты темірді.
Түйін түйіп ағаштан,
Өрнектеді өрімді (С.М.).
4. Ажал түртті: өлімге бастады, қатерге беттеді. Ажал түртіп жүр ме, [...]
Жазылған : Фразеологизм сөздігі | 1 пікір »
Posted on Мамыр 7, 2007 by tomiris
Қарғану (ғұрып). « Қарғанбашы. Саған сенем ғой» (Ә. Нүрпейісов). Қазақ ғұрпында қарғыс та бар, қарғану да бар. Біреу жала жапқанда, нақақ күйдіргенде өзінің ақ адалдығын дәлелдеу үшін қарғанады. Мысалы, «екі дүниеде қызық көрмейін» , «құран ұстайын», «керегенің көгін жейін» мен сенің затыңды ұрлаған жоқпын» дейді. Әрине, мұндай ауыр сөздерді адал, таза адамдар айта алған. Әдетте [...]
Жазылған : Салт-дәстүрлер | Leave a Comment »
Posted on Мамыр 7, 2007 by tomiris
Қарғыс (ғұрып). Қарғыстан қорқушы еді улап ішім.Өлмесе қанды қанмен жумақ үшін(Ақылбай Абайұлы) Зорлық зомбылық жасаса, оны қарғау әдеті бар. Ол адамға да, малға да, дүние мүлікке де айтыла береді. «Жер жастанғыр», «өлім келгір», «қарасан келгір», «өртенгір» деген сияқты қарғыс түрлері өте көп. «Ашынған тәңірісін қарғайды» дегендей қарғыс, ашу, ыза, кек үстінде айтылады. Қарғыстың ең ауыры ананың ақ [...]
Жазылған : Салт-дәстүрлер | Leave a Comment »
Posted on Мамыр 7, 2007 by tomiris
Кек алу (дәстүр). « Бірақ ыза мен кек буған қазақтар жауға аш бөріше ұмтылады» (М. Мағауин). Өткен ғасырларда жауласу, барымта, малын қуып кету сияқты ауыр оқиғалар көп болған. Мұндай қақтығыста адам өледі не мертігеді. Оның арты кек алу сияқты қанды қимылға ұласқан. Яғни шығынға ұшыраған елдің ер-азаматтары кек алуға аттанып «қанға-қан, жанға-жан» заңын қолданады. Кек [...]
Жазылған : Салт-дәстүрлер | Leave a Comment »
Posted on Мамыр 7, 2007 by tomiris
Кәде ( дәстүр). «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды» (мақал). Айтта, ойын-тойда тағы сол сияқты ажарлы, базарлы мейрамдарда берілетін сыйды немесе алымды «кәде» деп атайды. Кәде - ойын-тойдың әсіресе құдалық, келін түсіру тойларының гүлі, ажары. Оны сұрауға, талап етуге әркімнің хақы бар. Кәде жасамау – дәстүрді сыйламау яғни ел заңын бұзу деген сөз. Ұлт [...]
Жазылған : Салт-дәстүрлер | Leave a Comment »
Posted on Мамыр 7, 2007 by tomiris
Қап қағар (дәстүр). Қыс аяқталып, көктем басталғанда ет сүрленіп, азая бастайды. Сол аз етті қапқа салып алып, сол күні ет асып, аздап адам шақырады. Мұны ел « ет қайтар» деп атайды. Яғни ет азайды деген ұғымды блдіреді. Ал, қаптағы еттің ең соңғысын асып, көршісімен бөлісіп жейді. Бұл дәстүрді «қап қағар» дейді.
Жазылған : Салт-дәстүрлер | Leave a Comment »